Абаттандыру және балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату

Жоба туралы

2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында аудан аумағындағы шағынаудандар мен тұрғын алаптарда 17 - балалар ойын алаңшалары құрылды, 33 - ашық спорт, 13 - воркаут және тренажер алаңшалары орнатылды, 24 - ашық спорт және 8 - тренажер алаңшалары жөндеуден өткізіліп, мердігер мекеме жұмыстарын 2019 жылдың желтоқсан айында толық аяқтады.

Жоспар

2020 жылы:

72 үйлердің аулаларына абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату; 

28 көпқабатты үй ауласында ағымдағы жөндеу және балалар ойын алаңшасын қайта құру жұмыстарын жүргізу;

6 мекен-жайға ашық спорт алаңшасын орнату;

8 мекен-жайға баспалдақтарды қайта құру.