Бәйдібек би ескерткіші

Жарияланған күні: 22 сәуір 2020
Бәйдібек би ескерткіші

Шымкент қаласындағы Бәйдібек би ескерткіші 2012 жылы, күзде Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Бәйдібек Қарашаұлы (1356-1419) – қазақ халқының атақты биі және батыры. Ол өз дәуірінде әділдігімен, шешендігімен, жоғары биік адамгершілігімен, данышпандығымен белгілі болған.

Қазақстандағы ең үлкен ескерткіш болып табылатын монумент биіктігі жағынан әлемдік ескерткіштермен таласады. Монументті орнату үшін Шымкент қаласының солтүстік бөлігіндегі ең биік нүктелерінің бірі таңдалып алынған. Бұл белгіге арнайы жасалған төрт метрлік төстабан мен 9 метрлік іргетас қосылған. Мүсіннің өзінің биіктігі 10 метрді құрайды, төстабанның биіктігін, іргетас пен ескерткіштің өзінің биіктігін қоса есептегенде монументтің биіктігі 23 метрге көтеріледі.

Жалпы салмағы 9 тонна болатын мыспен қапталған мүсін, рекордтық мерзімде – барлығы 20 күнде дайын болған. Мұны жасау үшін біліктілігі жоғары 40 дәнекерлеуші- құюшылар еңбек еткен. Бұлар жергілікті шеберлер мен Өзбекстан, Қырғызстаннан арнайы шақырылған жұмысшылар болатын.

Жақын жылдарда жаңа ескерткіш Шымкент қаласының бейнесі мен өзіндік бренды болуы әбден мүмкін. Автордың жоспарына сәйкес, Бәйдібек би мүсіні ескерткіштің артында аумағы 42 гектарға созылып жатқан толық этнотарихи музейдің негізі болады. Әзірлеушілердің ойынша, оның төңірегінде ашық аспан астындағы этнотарихи мұражайлар жайғастырылады.