Ибраһим Ата

Жарияланған күні: 20 сәуір 2020
Ибраһим Ата

ИбраҺим шейһ (11 ғасырдың аяғы, Оңтүстік Қазақстан өңірі, Сайрам қаласы – 12 ғасырдың басы, сонда) – белгілі шейх, Қожа Ахмет Иасауидің әкесі.

Сайрамда бүгінгі күнге дейін Ибраһим Ата мен оның зайыбы Айшаның мазарын құрмет тұтады.

Ибраһим Ата – бізге жеткен аңызға қарағанда “төрт әділ халифтің” төртіншісі Әли Әбу Талибтің ұрпағы болып келетін Ысқақ бабтың 13-ші ұрпағы.

Ибраһим Ата және оның баласы Қожа Ахмет Иасауи – қазақ жерінде исламды таратуда шешуші рөл атқарған.