"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қарашада № 21613 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
20
17 қыркүйек 2021 18:01
15 шілде 2024