Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік сайлау комиссияларының ұсынуы бойынша сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:
|
Р/б № |
Сайлау учаскесінің № |
Учаскенің орналасқан жері |
|
1. |
№230 |
Қалалық перинаталдық орталық, «Нұрсат» шағын ауданы, №188 |
|
2. |
№328 |
№ 3 қалалық аурухана, «Сайрам» т.а., Ә.Темір көш, №152А |
|
3. |
№329 |
«Атамекен» клиникасы ЖШС, «Нұртас» т.а., Ақбота көш, №15/1 |
|
4. |
№330 |
Облыстық балалар ауруханасы, «Нұрсат» ш.а., №125/1 |
- Бұл сайлау учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
- Осы шешімнің көшірмесі Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Комиссия төрағасы Б. Алимбетов
Комиссия хатшысы Б. Дулатбекова
33
12 тамыз 2026 16:56
13 тамыз 2026