Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын реттеу бөлімінің бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы 1 бірлік (D-O-4 санаты) (негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы уақытына 22.07.2022 жылға дейін)
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті
Шымкент қаласы
225705
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогика және психология
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқық
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Қаржы
- Жобаны басқару
Қосымша талаптар
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі), денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану) мамандықтары.
Функционалды міндеттер
Лауазымдық нұсқаулықта көзделген функционалдық міндеттерді орындауға;Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауға;Басқарма басшысының, бөлім басшысының ауызша және жазбаша тапсырмаларын орындауға;Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеуге және олардың мерзімінде орындауға, ай сайынғы, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептерді мерзімінде тапсыруға;Бөлім жұмысы жөнінде мәлімет дайындауға, жинақтауға және сараптауға;Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес еңбек заңнамасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;Қызметкерлерге еңбек жалақысының толық және уақытылы төленуіне, штат қызметкерлерінің немесе қызметкерлер санының қысқарылуы заңдылығына бақылауды жүргізуге;Аналитикалық есептерді, анықтамалармен ақпараттарды әзірлеу; «Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі» АиЖ базасына жүргізілген тексерулер мен жасалған ұжымдық шарттардың, сондай-ақ арнайы тергеп-тексерулердің, өндірістегі орын алған жазатайым оқиғалар туралы актілердің нәтижелері бойынша шынайы мәліметтерді ай сайын енгізілуге;Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау салалары бойынша тәуекелдерін бағалау мониторингін ұйымдастыру;Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау мәселелері бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізу мониторингін жүргізеді;Талаптарды міндетті орындауға, белгіленген мерзімде орындауға және оны прокуратура органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға ұсынуға;Прокуратура органдарына 1-ӘЖ, 1-ӘҚ нысандары карточкаларды, талондар-қосымшалар, айыппұл төлеу туралы хабарламаларды заңмен белгіленген мерзімде өткізуге;Еңбек қатынастары саласындағы тәуекелдерді бағалау мен мониторингін қамтамасыз ету;Тексеруге шығу кезінде шығу туралы журналға тексеру объектісі, объектіге шығу уақытысы бойынша мәлімет жазып, бас мемлекеттік еңбек инспекторына хабарлап отыруға;Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы орындауға;Сенімхат негізінде Басқарма атынан сот процесстеріне қатысады және белгіленген мерзімде сотқа баруға;Мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау және адам саудасы, мәжбүрлі еңбек фактілері болған жағдайда оны құқық қорғау органдарына хабарлауға;Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексін сақтауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.07.2021
- Шымкент қ, С.Байтерекова №89
-
8 (7252) 27 38 42
8 778 895 28 49