Жалақының мерзімінде төленуі, кезекті еңбек демалысының берілу кезектілігі мен төлену тәртібі

ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Сеитова 2026 жылдың 13 қазан күні «Аиша» бөбекжай балабақшасы ЖШС-нің басшылық құрамы және жұмыскерлерімен кездесіп, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жұмыскерлерге жалақының мерзімінде төленуі, кезекті еңбек демалысының берілу кезектілігі мен төлену тәртібі, есеп-айырысу өтемақыларын алу мерзімдері туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.