28-сәуір дүниежүзілік еңбекті қорғау күні!


Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялады, ол әлемнің барлық елдерінде атап өтіледі. Қазақстан Республикасы ХЕҰ-ның 1993 жылдан бастап мүшесі болып табылады және осы уақыт ішінде 20 конвенция ратификацияланды, оның ішінде еңбек инспекциясы туралы. 2005 жылдан бастап Қазақстанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Бұл акция Жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, жұртшылықтың назарын еңбекті қорғаудың шешілмеген проблемаларына аудару мақсатында өткізіледі, сондай-ақ осы проблемаларды шешуге ықпал етуге бағытталған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабы 2 т: "әркімнің қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына, еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз сыйақы алуға құқығы бар"делінген.
Халықаралық еңбекті қорғау күні – бұл өндірісте қаза болғандарды еске алу күні, жұмыс орындарында өлімнің, жарақаттанудың және аурулардың алдын алу үшін барлығын жасауға дайындық күні. Біздің әрқайсымыз: жұмыс берушілер мен қызметкерлер еңбекті қорғаудың әлсіз мәдениеті барлық өндірістік жұмысқа теріс әсер ететінін түсінуі тиіс.
Еңбекті қорғаудың басты мақсаты қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау болып табылады. Адамдар-ең құнды ресурс, сондықтан адам өмірін сақтау және қамқорлық ауданның барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілерінің (басшыларының) басты міндеті болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілері мен қызметкерлері ХЕҰ қолдайды және қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуға лайықты үлес қосады деп үміттенеміз. Еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі-адамдардың денсаулығы мен өмірінің сенімді кепілі.
28 сәуір 2020
Басқа
Ақысыз