Этникалық қазақтардың көшіп келуі бойынша

Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңын іске асыру және көші-қон саясатының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың көші-қоны саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде 4,1 млн. этникалық қазақ тұрады. Қазір Қазақстан Республикасының аумағындағы қазақтардың саны - 8,13 млн., ал дүние жүзіндегі бүкіл қазақтың саны - 12,2 млн. адам. Демек, қазақтардың үштен бірі шет елде тұрады деген сөз.
Қазақтардың ең көп тұратын жері Өзбекстан - онда 1,5 млн. адамға жуық, Ресейде - 740 мың адам, Түркменстанда - 70 мың адам. Алыс шет елдерде этникалық қазақтардың көпшілігі ҚХР-да - 1,5 млн. адам, Моңғолияда - 100 мың адам, Ауғанстанда - 30 мың және Түркияда - 25 мың адам тұрады.
Шет елдерде тұрып жатқан барлық қазақтың өзінің тарихи отанына оралуға құқығы бар.
Кейбір деректерге қарағанда шет елдерге тұратын қазақ диаспорасының едәуір бөлігі тарихи отанына оралуға тілек білдіреді, әсіресе бұл Өзбекстан, Түркменстан, Қытай және Моңғолия елдерінде тұратын қазақ диаспорасына тән сипат.

Жарияланған күні

27 ақпан 2020

Жаңарту күні

27 ақпан 2020