Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 2023 жылдың 10 айда атқарған жұмыстары бойынша
Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 2023 жылдың 10 айда атқарған жұмыстары бойынша
Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 2023 жылдың 10 айда атқарған жұмыстары бойынша
Басқарма жұмысына келесі көрсеткіштер бекітілген:
- еңбек заңнамасының жойылған құқық бұзушылықтар үлес салмағы, анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы санына орындалуы - 93,0%. Орындалуы – 91,3 (538 заңбұзушылық анықталып, 491 заң бұзушылық жойылған).
- ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі (ірі және орта кәсіпорындар арасында) орындалуы - 93,8%. Орындалуы (есепті кезеңге) – 98,3%.
- 2023 жылға өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға оқиғалардың жиілілік коэффицентінен асырмау) – 0,29%-дан асырмау болып бекітілген. 2025 жылға қарай еңбек қауіпсіздігін жақсарту, өндірістік жарақаттануды 10%-ға төмендету қарастырылған. Орындалуы (есепті кезеңге) – 0,06%.
- электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі - 100%. Орындалуы (есепті кезеңге) –88,0%.
- бірыңғай байланыс орталығы «iKomek» арқылы түсетін шағымдар мен өтініштердің орындалуын қамтамасыз ету - 100%. - бюджет қаржысының игерілуі - 100%
Ұйымдастыру талаптарының орындалуы:
Жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі жұмысы бойынша: Жүйеге, индикаторлық 4 жоба (1. Ұжымдық шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындар үлесі, 2. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне электронды еңбек шарттарын енгізу, 3. Өндірістік жарақаттану, 4. Еңбек заңнамасының жойылған құқық бұзушылықтардың үлес салмақтары) енгізілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, көрсеткіштердің орындалуы бойынша мәліметтері, жүйеге тұрақты енгізіліп орындалуда.
Шымкент қаласының ахуалдық орталығы «iKomek» арқылы 37 хабарлама түсіп, заң талаптарына сәйкес хабарлама иелеріне құқықтары мен міндеттері бойынша толыққанды жауап беріліп, мерзімінде орындалды.
Азаматтардың жолданымдары туралы:
Басқарманың негізгі функцияларының бірі жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау. Есептік кезеңде Басқармаға азаматтардың 1 374 жолданымдар мен шағымдар тіркеліп, соның ішінде 1 360 өтініші қаралды. Нәтижесінде 277 тексеру жүргізіліп, 538 бұзушылық анықталды (оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 430, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 101, жұмыспен қамту - 7). Анықталған бұзушылықтардың 491 жойылып, заңға сәйкестендірілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 162 нұсқама беріліп, 14,3 млн.теңгеге 127 айыппұл салынды, оның ішінде 9,5 млн.теңге көлеміндегі 112 айыппұл өндірілді.
Жалақылардың уақтылы төленуі бойынша
Еңбек заңнамасы жұмыскерлердің уақтылы, толық еңбек ақыларын алу механизмдерін қарастырады. 2023 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларымен 1 195 жұмыскердің құқықтары қорғалып 60 кәсіпорындағы 978 жұмыскердің 460,3 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді.
2023 жылдың басында, 4 кәсіпорынның 95 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек 17,3 млн.теңгені құраған:
Қазіргі уақытта, Шымкент қаласындағы кәсіпорындарда жалақы қарызы жоқ.
Соңғы жалақы қарызын өтеу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп осы жылдың 6 қарашасында мына компаниялардың;
- «Rio Med» ЖШС-гі 71 қызметкерге 7,9 млн.теңге.
- «СПИК Аккорд» АҚ-ы 1 қызметкерге 0,6 млн.теңге жалақы қарызы жалақы берешектері толығымен өтелді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы:
Конституциямызға сәйкес әркімнің қауіпсіздік талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар.
Еңбек қауіпсіздігі бұл еңбек процесінде жұмыскерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі.
Жыл басынан қала аумағында 17 жазатайым оқиға орын алып (оның ішінде топтық жазатайым - 3), 20 адам зардап шекті. Өкінішке орай 4 жұмыскер қайтыс болды, 13 жұмыскер ауыр жарақат алған (жеңіл жарақат алған - 3). Тергеп-тексеру материалдары қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасы берілген. Бүгінгі күнге қаламыздың 18 кәсіпорыны жобаны енгізді.
Сондай-ақ, 2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero - Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 71 кәсіпорын қосылды.
Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 2 112 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді. Сондай-ақ, қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.
Өңіріміздегі 5 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.
Ұжымдық шарттар туралы:
Бүгінгі күні, қалада 3 848 кәсіпорын жұмыс істейді, жалпы 1 743 кәсіпорында түзілген ұжымдық шарттар 45,3% құрады.
Оның ішінде, ірі және орта кәсіпорындар арасында ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылғандардың үлесі - 93,8%.
Электрондық еңбек шарттарын есепке алу бойынша:
Ағымдағы жылдың соңына дейін, электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне 100% барлық деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілер тіркелуі тиіс.
2023 жылы 10 422 кәсіпорында 171 981 еңбек шарты жүйеге енгізілген. Есепті кезеңге жоспардың орындалуы 88,0%.
Ақпараттық-насихат жұмысы бойынша:
Ағымдағы жылы, басқарма тарапынан 6 брифинг, 6 рет БАҚ-та арнайы сұхбаттар берілді, 152 әлеуметтік желідегі ресми парақшаларға арнайы материалдар орналастырылды, сондай-ақ, еңбек заңнамасын кеңінен насихаттау және ірі, орта кәсіпорындарының ұжымдағы ахуалдарын мониторингтеу мақсатында 72 кәсіпорында семинар-кеңестер ұйымдастырылды.
8
Жарияланған күні
29 қараша 2023 17:35
Жаңарту күні
29 қараша 2023
Түрі