Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 2023 жылдың 4 айда атқарған жұмыстары бойынша

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 2023 жылдың 4 айда атқарған жұмыстары бойынша

 

Қазіргі уақытта Басқармамен «Еңбек жолы» конкурсына өтінімдер қабылдануда. Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады.

Конкурс 2 кезеңде өтедi: «Еңбек жолы» конкурсы жеңiмпаздарын өңірлік және республикалық деңгейде iрiктеу. Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) анықтайды. Конкурсқа кәсiпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлерi қатыса алады.

Қатысуға өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады!

 

Азаматтардың жолданымдары туралы

Есептік кезеңде, Басқармамен азаматтардың 490 өтініші қаралды. Нәтижесінде 80 тексеру жүргізіліп, 98 бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 93, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 5. Анықталған бұзушылықтардың 72 жойылып, заңға сәйкестендірілді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша 46 нұсқама беріліп, 5,1 млн.теңгеге 24 айыппұл салынды, оның ішінде 2,8 млн.теңге көлеміндегі 17 айыппұл өндірілді.

 

Жалақылардың уақтылы төленуі бойынша

Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторларымен 34 кәсіпорындағы 935 жұмыскердің 451,6 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді.

Қазіргі уақытта, 2 кәсіпорынның 72 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек 8,5 млн.теңгені құрайды:

- «Rio Med» ЖШС-гі 71 қызметкер алдындағы жалақы қарызы 7,9 млн.теңгені құрайды.

- «СПИК Аккорд» АҚ-ы 1 қызметкерге алдында жалақы қарызы 0,6 млн.теңге құрайды.

Берешекті мәжбүрлі түрде өндіру үшін «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» ҚР заңына сәйкес іс құжаттары жеке сот орындаушылар өңірлік палатасына жолданып, сот орындаушылар тарапынан жұмыстар жүргізіліп отыр.

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы

Жыл басынан қала аумағында 10 жазатайым оқиға орын алып, 12 адам зардап шекті. Өкінішке орай 3 жұмыскер қайтыс болды, 8 жұмыскер ауыр жарақат алған. Тергеп-тексеру материалдары қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасы берілген. Бүгінгі күнге қаламыздың 18 кәсіпорыны жобаны енгізді.

Сондай-ақ, 2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero - Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы                             70 кәсіпорын қосылды.

Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 1009 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді. Сондай-ақ, қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.

Өңіріміздегі 4 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.

Қосымша атап өтетін жағдай, бұл ҚР Еңбек кодексінің 23 бабының 2 тармағының 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңының 8 бабына сәйкес Жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті.

Шымкент қаласының 7558 әрекеттегі компанияларының 2538 ғана сақтандыру келісім шарттарын жасаған (33,6%)

 

Ұжымдық шарттар туралы

Бүгінгі күні, қалада 3 848 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 1 726 кәсіпорында жалпы  түзілген ұжымдық шарттар 44,8% құрады.

 

Электрондық еңбек шарттарын есепке алу бойынша

Ағымдағы жылдың соңына дейін, электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне 100% барлық деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілер тіркелуі тиіс. Жылдың                     І-тоқсанына 25% кәсіпорын жүйеге тіркелу межеленген болса, есепті кезеңге жоспардың орындалуы 32,0%.

 

 

Ақпараттық-насихат жұмысы бойынша

        Ағымдағы жылы, басқарма тарапынан 2 брифинг, 4 рет БАҚ-та арнайы сұхбаттар берілді, 68 әлеуметтік желідегі ресми парақшаларға арнайы материалдар орналастырылды,                   сондай-ақ, еңбек заңнамасы мен еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін қамтамасыз мақсатында қаладағы 53 мекеме мен ұйымдарда ақпараттық-түсіндіру семинарлары өткізілді.