Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

2019 жылдың қорытындысымен мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан барлығы 332 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 328 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары туралы – 298, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 27, халықты жұмыспен қамту – 3.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде 300 жойылды немесе заңға сәйкестендірілді. Бұзушылықтардың негізінде 177 нұсқама беріліп,
еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 10 529,7  теңге көлемінде 90 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдардың 5 315,1 мың теңге көлемінде 66 айыппұл өндірілді.

6 (алты) ескерту 20 айыппұл – 3 623,4 мың теңге мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жолданған.

2019 жылдың 12 айында басқарма тарапынан 5509 азаматтардың арыз-шағымдары мен мекемелердің хаттары қаралып, заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Олардың 1337 – еңбек заңнамасы бойынша.