2025–2026 оқу жылында аттестаттау комиссиясына «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алу (растау) үшін өтініш берген педагогтердің аттестаттау нәтижелері туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы 2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығына (жаңа редакцияда ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларының 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасының аттестаттау комиссиясына «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алу (растау) үшін өтініш берген педагогтердің аттестаттау нәтижелері Басқарманың 2026 жылғы 29 қазандағы № 814 н/қ бұйрығының 1, 2, 3, 4, 5-қосымшалары жарияланды.
Бұйрық қосымшалары (құжаттарды жүктеу бөлімінде):
1. 29.10.2026 жылғы №814 н/қ бұйрығының 1-қосымшасы (педагог-зерттеуші санаты берілгендер)
2. 29.10.2026 жылғы №814 н/қ бұйрығының 2-қосымшасы (педагог-сарапшы санаты берілгендер)
3. 29.10.2026 жылғы №814 н/қ бұйрығының 3-қосымшасы (педагог-модератор санаты берілгендер)
4. 29.10.2026 жылғы №814 н/қ бұйрығының 4-қосымшасы (педагог санаты берілгендер)
5. 29.10.2026 жылғы №814 н/қ бұйрығының 5-қосымшасы (Зерттеуші санатына мерзімінен бұрын өтініш берген және қолданыстағы санатын мерзімі аяқталғанға дейін сақталғандар)
2248
29 қазан 2026 22:44
29 қазан 2026