2025–2026 оқу жылындағы педагогтерді аттестаттау нәтижелері бойынша шығарылған бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласы білім басқармасының аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес, 2025–2026 оқу жылындағы аттестаттау нәтижелері бойынша педагогтер мен әдіскерлерге біліктілік санаттарын беру, растау және қолданыстағы біліктілік санаттарын сақтау туралы жарияланған бұйрықтарға өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларына (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығымен жаңа редакцияда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларының 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының 2026 жылғы 29 қазандағы № 813 н/қ бұйрығы негізінде төмендегі бұйрықтарға өзгерістер енгізілді:
2026 жылғы 6 қазандағы № 750 н/қ бұйрық – білім беру ұйымдарының педагогтеріне және орталық әдіскерлеріне «Педагог-сарапшы» біліктілік санатын беру (растау) туралы;
2026 жылғы 6 қазандағы № 751 н/қ бұйрық – «Педагог-модератор» біліктілік санатын беру туралы;
2026 жылғы 6 қазандағы № 752 н/қ бұйрық – «Педагог» біліктілік санатын беру туралы.
Аталған бұйрықтардың 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылып, берілген (расталған) біліктілік санаттары үшін қосымша төлемді 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асыру туралы өзгерістер енгізілді.
Бұйрықтарға енгізілген өзгерістердің негіздемесі – «Педагог-сарапшы» санатындағы аттестаттау комиссиясының 2026 жылғы № 1-43 хаттамалары және Шымкент қаласы білім басқармасының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметтік хаты.
Өзгерістер енгізілген бұйрықтармен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады (жаңа бұйрық құжаттың толық мәтіні бөлігінде).
https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/documents/details/1078766?lang=kk
248
29 қазан 2026 20:17
29 қазан 2026