ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Әл-Фараби ауданы аумағында тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Атап айтқанда, аудан аумағындағы көшелер мен жол бойларына жиектастар (бордюрлар) орнату, тозығы жеткен жарықшамдарды ауыстыру, сондай-ақ жол жабындысын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.

Аталған жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, көшелердің түнгі жарықтандырылуын жақсартуға, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасауға және ауданның сәулеттік келбетін көркейтуге бағытталған.