ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

«Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 

Шымкент қаласы                                                            2026 жыл ........................

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеменің атауы: «Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Аппарат).

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негіздері: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» және Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің 2025 жылғы 15 сәуір №02-10/43 өкімі.

 

Сыбайластық жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

1) Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:

 

  1. Ж. Оспанов Әл-Фараби ауданы әкімінің аппарат басшысы, жұмыс тобының төрағасы;
  2. Б. Султанбеков ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, жұмыс тобының хатшысы;

 

  1. Б. Смайлов - аудан әкімінің орынбасары;
  2. Е. Ерланұлы - аудан әкімінің орынбасары;
  3. М. Тажибаев - аудан әкімінің орынбасары;
  4. Б. Салиев - әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің басшысы;
  5. Д. Шынтасов - инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің басшысы;
  6. Б. Өтеулі - көсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы;
  7. Г. Ташимова - экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы;
  8. Қ. Арысбеков - мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету

бөлімінің басшысы;

  1. Б. Жанаев - қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы;
  2. А. Жалмурзаева- ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы.

 

Ішкі талдауға өзге субъектілердің мамандары мен сарапшылары тартылған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 21.04.22.05.2025 жыл.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 01.04.2024-01.04.2025 ж.ж.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Ж. Оспанов

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:

КРІ 1: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУМЕН ҚАМТЫЛҒАН БӨЛІМШЕЛЕР ҮЛЕСІ (100%)

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

 

1-міндет. Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.

 

2-міндет. Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықталмады.

Аппараттың істер номенклатурасы бекітілген. Сәйкесінше өкімдерді тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес ресімделген.

Аппаратта талдау кезеңінде жалпы саны 320 (оның ішінде: 50 негізгі құрам, 270 жеке құрам) аудан әкімінің өкімдері заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.

Аудан әкімінің өкімдері, өкімнен туындайтын іс-әрекеттердің жүзеге асырылу мерзімдері, жузеге асыратын, жүзеге асырылуын бақылайтын лауазымды тұлғаның аты-жөндері нақты жазылып қабылданған.

Аудан әкімі аппараты қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарында және қызметтік нұсқаулықтарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдау) өкілеттік пен нормалар анықталмады.

Аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы арасындағы бөлінген міндеттерінде: басшылық жасайтын бөлімдер мен жетекшілік ететін салалары, құзыреттіліктері мен жауапкершіліктері нақты көрсетілген. Аудан әкімі аппаратының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында құқықтары, міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа ұштасатын шектеулері бойынша жауапкершіліктері көрсетілген.

Аппараттағы барлық қызметшілердің жеке істері толық рәсімделген. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тарапынан жыл сайын мүлік пен кіріс туралы декларацияны тапсырмау фактісі орын алмаған.

 

3-міндет. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 3 маусымдағы №2699 қаулысына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының штаттық саны қайта бекітілді.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында шттаттық құрылым бойынша 44 мемлекеттік қызметші бекітілген, 5 бөлім және 1 бағынысты «Әл-Фараби»

коммуналдық мемлекеттік мекемеден тұрады.

Оның ішінде: аудан әкімі-1 (саяси), әкімінің орынбасары-3 (E-1 санаты), аппарат басшысы-1 (Е-2 санаты), бөлім басшысы-7 (Е-3 санаты),                                  бас инспектор-7 (Е-3 санаты), бас маман-31 (Е-4 санаты), жетекші маман-1      (Е-5 санаты).

 

Анықтама үшін:

1) Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі - штат саны 5 (бес) бірлік - бөлім басшысы, 2 (екі) бас инспектор және 3 (үш) бас маманнан тұрады;

2) Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі - штат саны 7 (жеті) бөлім басшысы, 1 (бір) бас инспектор, 4 (төрт) бас маман және 1 жетекші маманнан тұрады;

3) Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі - штат саны 8 (сегіз) - бөлім басшысы, 2 (екі) бас инспектор және 5 (бес) бас маманнан тұрады;

4) Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі - штат саны 6 (алты) бөлім басшысы, 2 (екі) бас инспектор және 3 (үш) бас маманнан тұрады;

5) Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі - штат саны 7 (жеті) бөлім басшысы, 2 (екі) бас инспектор және 4 (төрт) бас маманнан тұрады;

6) Экономика және жоспарлау бөлімі - штат саны 3 (үш) бөлім басшысы, және 2 (екі) бас маманнан тұрады;

7) Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі - штат саны 3 (уш) бөлім басшысы және 2 (екі) бас маманнан тұрады.

Талдау кезеңінде қызметшілердің жұмысқа келіп-кеткенін бақылайтын СКУД жүйесін дұрыс және уақытылы пайдаланбаған фактілер анықталды. Салдарынан қызметшінің белгіленген жұмыс уақытынан, кешігу уақыты тіркеліп, ҚР Еңбек кодексінің талаптары бұзылған. Бұл бойынша қызметшілердің тізімі жасақталып, аудан әкіміне тәртіптік жауапкершілігін қарау үшін қызметтік хат жазылып 3 (үш) мемлекеттік қызметшіге төртіптік шаралар қабылданған.

 

Талдау кезеңіндегі тәртіптік жазаға тартылған қызметшілер.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы А.Жалмурзаеваның қызметтік хатына сәйкес Аудан әкімінің 16.04.2024ж. №02-12/88, №02-12/89 және №02-12/90 өкімдерімен қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас мамандары А.Усеноваға, Қ.Абилкасымға және әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Н. Байдуановқа мемлекеттік қызметшілердің ғимаратқа кіруі және шығуы кезінде қызметтік тәртіпті бұзуға жол бергені үшін «ескерту» түріндегі төртіптік жаза қолданылды.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж.Оспановтың қызметтік хатына сәйкес Аудан әкімінің 21.05.2024ж. №02-12/118 өкімімен қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Әлімқұлға өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Ергешбектің 2024 жылғы 24 мамырдағы қызметтік хаты, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысының орынбасары Д.Мырзақұловтың 2024 жылғы 27 мамырдағы қызметтік хатына сәйкес Аудан әкімінің 27.05.2024ж. №02-12/123 өкімімен Аудан әкімінің орынбасары М.Төлеуішке өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С. Құранбектің 2024 жылғы 10 шілдедегі жиналыстың №83 хаттамасына сәйкес Аудан әкімінің 11.07.2024ж. №02-12/177 өкімімен инфрақұрылым бөлімінің басшысы Д. Шынтасовқа өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Б. Расуловтың 2024 жылғы 10 шілдедегі №21-03-20-2- 07/467-И ұсынысы, аудан әкімі аппаратының қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Б.Жанаевтың 2024 жылғы 11 шілдедегі қызметтік хатына сәйкес Аудан әкімінің 11.07.2024ж. №02-12/178 өкімімен қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Абилкасымға аудан аумағындағы санитарлық тазалау жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмай кемшіліктерге жол бергені үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысының орынбасары Д.Мырзақұловтың қызметтік хатына сәйкес Аудан әкімінің 18.07.2024ж. №02- 12/189 өкімімен кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Е.Ерланұлына өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

 

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысының орынбасары Д.Мырзақұловтың 2024 жылғы 22 тамыздағы №16-16-05/4870 және 2024 жылғы 26 тамыздағы №16-18-07/124 қызметтік хатттары Аудан әкімінің 26.08.2024ж. №02-12/225 өкімімен Аудан әкімінің орынбасары Б.Смайловқа мемлекеттік сатып алу туралы, бюджет заңнамалары талаптарының бұзушылықтарға жол бергені үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіпттік жаза қолданылды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қ.Қадырбековтің 2024 жылғы 15 тамыздағы №01-04/711-И тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынысына сәйкес Аудан әкімінің 10.09.2024ж. №02-12/236 өкімімен қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Б.Жанаевқа Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 6-тармағының 4)-тармақшасының талабын сақтамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Аудан әкімінің орынбасары М.Төлеуіштің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі қызметтік хатына сәйкес Аудан әкімінің 19.09.2024ж. №02-12/243 өкімімен қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы Е.Әбілмәжіновке аудан аумағындағы санитарлық тазалау жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмай кемшіліктерге жол бергені үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысының орынбасары Д.Мырзақұловтың 2024 жылғы 29 қазандағы №16-16-03/6294 хатына сәйкес Аудан әкімінің 01.11.2024ж. №02-12/294 өкімімен Аудан әкімінің орынбасары Б.Смайловқа өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж.Оспановтың қызметтік хаттарына сәйкес Аудан әкімінің 08.11.2024ж. №02- 12/309 өкімімен инфрақұрылым бөлімінің басшысы Д.Шынтасовқа өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды

Шымкент қаласының аудандық мамандандырылған әкімшілік соттының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №5294-24-00-4/1763 жеке ұйғарымына сәйкес Аудан әкімінің 13.01.2025ж. №02-12/10 өкімімен экономика және жоспарлау бөлімінің бас маманы Б.Шералиевке өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі төртіптік жаза қолданылды.

Шымкент қаласының қаржы басқармасы басшысының орынбасары А.Мейірованың 2025 жылғы 06 қаңтардағы №26-05-05/7 хаты және аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.О.Оспановтың қызметтік хатына сәйкес Аудан әкімінің 20.01.2025ж. №02-12/21-1 өкімімен инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің басшысы Д.Шынтасовқа өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «сегіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды,

Шымкент қаласының полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастығы Б.Мирзагельдиевтің 2025 жылғы 21 қаңтардағы №27-1/92/415-4-хатына (А.Тауасарованың 31.01.2025жылы №ЖТ- 2025-00335574 өтініші) сәйкес Аудан әкімінің 18.02.2025ж. №02-12/43 өкімімен өлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің басшысы Б.Салиевке өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі төртіптік жаза қолданылды.

Шымкент қаласы прокуратурасы Абай ауданының прокуроры Р.Бериковтың 2025 жылдың 12 ақпандағы №2-12-25-00422 ұсынысына сәйкес Аудан әкімінің 13.03.2025ж. №02-12/63 өкімімен Аппарат басшысы Ж.Оспановқа өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды

Тәуекел: 1. Бөлім басшы және бөлім қызметкерлері аудан аумағын «Әл- Фараби» КММ санитарлық тазалаушы мекемеменің жұмысын бақылауға алмауы және өздеріне жүктелген міндеттемелеріне немқұрайлы қарауының салдарынан орын алған кемшіліктер.

  1. Аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылар мен бас маман (бас есепші) мемлекеттік сатып алу туралы және бюджет заңнамалары талаптарының бұзушылықтарға жол бергені.

Ұсынымдар: 1. Аппаратта тұрақты түрде аудан әкімінің орынбасарлары өздеріне қарасты бөлімнің қызметкерлеріне, барлық Заң талаптарын сақтау және өздеріне жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде орындауды қатаң бақылауға алып, түсіндіру шаралары жүргізілсін.

  1. Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысты құжаттарды әзірлеу кезеңінде тиісті мамандарды тарту және бюджетті жоспарлау барысында заңнама талаптарын басшылыққа алынсын.
  2. Мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес атқарылған жұмыстарды, шарттың орындалу уақытын, шарттың орындалу уақытын кешіктерген жағдайда айыппұлды өндіру мен орындалған жұмыстарға қаражат аударымдарды заң аясында жүргізу және қатаң бақылауда болуын қамтамасыз ету.

 

Аппарат қызметшілеріне Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базасы арқылы сұрау салынып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық әрекеттерге байланысты жауапкершілікке тартылғандар анықталмаған.

 

4-міндет. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппаратта мүдделер қақтығысының белгілері анықталған жоқ.

 

5-міндет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппарат өз құзыреті шегінде 1). «Жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру» 2). «Әскерге шақырту кейінге қалдыру» және 3) «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» туралы 3 (үш) мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жүзеге асырады.

 

Талдау барысында: 2024 жылдың бірінші тоқсанында аудан әкімі аппараты тарапынан спорттық санаттар беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жалпы 41 өтініш қаралып, оның ішінде 2 өтініш электронды портал арқылы, 39 өтініш қағаз түрінде қызмет көрсетілді, құқық бұзушылық анықталмаған. Атап айтқанда: 1 жасөспірімдік разрядты спортшы 2 адамға, ІІ жасөспірімдік разрядты спортшы 5 адамға, III жасөспірімдік разрядты спортшы - 24 адамға, ІІ разрядты спортшы 2 адамға, III разрядты спортшы 5 адамға және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы 1 адамға, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер 1 адамға, спорт төрешісі - 1 адамға біліктілік санаттары берілді.

Аталған мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру «Мемлекеттік корпорация» арқылы жүзеге асырылғандықтан, көрсетілетін қызмет алушылар арасында тікелей байланыс орын алмайды және сыбайлас жемқорлық факторларға жол бермейді.

«Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 289 өтініш қаралып оның ішінде қабылданғаны 259, кері қайтарылғаны 27, «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» бойынша жалпы 18 өтініш келіп түсті, оның ішінде қабалданғаны 14, кері қайтарылғаны - 4 өтініш құқық бұзушылық анықталмаған. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру электрондық форматта «E-license.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асырылғандықтан, көрсетілетін қызмет алушылар арасында тікелей байланыс орын алмайды және сыбайлас жемқорлық факторларға жол бермейді;

Аудан әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған, яғни көрсетілген қызмет алушылар арасында тікелей байланыс орын алмайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

6-міндет. Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың құзыретінде рұқсат етуші функциялар қарастырылмаған.

 

7- міндет. Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың құзыретінде бақылау функциялар қарастырылмаған.

 

8-міндет. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

 

 

Арыз-шағымдарды қарау барысы бойынша:

Талдау кезеңінде аппаратта «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 1401 өтініштер мен жолданымдар түскен, оның ішінде 637 өтініш заң аясында орындалды, 701 өтініш құзырына сай мемлекеттік мекемелерге қайта жолданған, 63 өтініш иелерінің бастамасымен қараусыз қалдырылды. Барлық өтініштер мен жолданымдарға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» талаптарына сәйкес қаралып, жауап берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.

Аудан әкімі аппараты ғимаратында бірінші қабатында «Адалдық алаңы» тақтайшасы орнатылған және «Ашық әкімдік» кабинеті жұмыс жүргізілуде. Аудан өкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында байланыс телефон нөмері көрсетіліп, аппараттың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында («Instagram» «Facebook» «WhatsApp») тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына дер кезінде тиісті жауаптар берілуде. «109 Komek» байланыс орталығына 2565 өтініш түсіп, мерзімінде жауаптар берілген.

Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі табысы аз адамдарды анықтап, атаулы өлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді, аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар, аудан аумағында әр-түрлі этнос өкілдері көп шоғырланған шағын аудандарда этносаралық татулықты нығайту бойынша түсіндірме жұмыстарын, аудан аумағында орналасқан діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу және теолог мамандардың қатысуымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жалпы және жеке кездесулер, көпбалалы аналарды мемлекеттік наградаларға ұсыну үшін құжаттарын, аудан аумағындағы көшелерді мерекелік безендіру жұмыстарын, Тәуелсіздік саябағындағы Бас туды күтіп ұстау жұмыстарын, аудан аумағындағы жер асты және үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстау, аудан аумағындағы кіші сәулеттік пішіндерді күтіп ұстауды ұйымдастырады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша: Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Кодексіне сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының жанынан атаулы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі АӘК) өтініш білдірген отбасылардың материалдық жағдайларын тексеріп, қорытынды беру үшін 7 (жеті) учаскелік комиссия құрылып жұмыс жүргізеді. Құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, учаскелік полиция инспекторлар, аудандағы мектептердің әлеуметтік педагогтары мен емханалардың әлеуметтік қызметкерлері енгізілген. Аталған учаскелік комиссия АӘК-ке өтініш білдірген барлық отбасылардың материалдық жағдайының мұқтаждық деңгейін анықтау мақсатында санитарлық нормалардың талаптарын сақтай отырып, үйме-үй аралап, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, комиссия мүшелері АӘК-ке құжат тапсырған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру барысында аталған Заңға сәйкес, яғни «Е-Халық» автоматтандырылған базасы арқылы азаматтардың атындағы жылжыйтын және жылжымайтын мүліктер тіркелген немесе тіркелмегені туралы мәліметтер алынып, тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Тексеру барысында учаскелік комиссиялар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау үшін Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес жұмыстар жүргізіледі.

Талдау кезеіңінде аудан бойынша 4547 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріп, оның 4052 отбасы «мұқтаж», 495 отбасы «мұқтаж емес» деп танылып, тиісті қорытындылары «Халықты жұмыспен қамту орталығына» уақытылы жолданды.

Сонымен қатар, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен Әл-Фараби ауданының 197 көп балалы аналар тиісті құжаттарды тапсырған, оның 33 ана «Алтын алқа» және 164 ана «Күміс алқа» алқаларымен табысталған.

2025 жылы 33 көп балалы аналар тиісті құжаттарды тапсырып, 11 ана «Алтын алқа» және 22 ана «Күміс алқа» алқаларымен наградталған.

Мурал салу жұмыстары бойынша 2024 жылы жылы аудан аумағында орналасқан 8 көпқабатты үйлердің қасбетіне мурал салу жұмыстары бойынша 16 млн 531 мың теңгеге конкурс жарияланып, оны 12 млн 376 мың теңгеге «Авто Бренд» ЖШС табылып жұмыстар болып жеңімпаз атқарған.

Шахмат МАФ орнату жұмыстары бойынша 2024 жылы жылы аудан аумағында орналасқан Орталық саябаққа 3 дана шахмат ойнауға арналған Мафтар және 8 дана шатыр орнату жұмыстары бойынша 5 млн 500 мың теңгеге конкурс жарияланып, оны 3 млн 800 мың теңгеге «Қарағанды Көркем» ЖШС жеңімпаз болып табылған. Тараптар арасында 2024 жылдың 17 маусым күні №148 мемлекеттік саты алу шарат жасалған, сметалық құжатта қаралған мафтар толықтай орнатылып, пайдалануға берілді.

Бас туды ауыстыру жұмыстары бойынша 2024 жылы аудан аумағында орналасқан Бас туды жыл соңына дейін күтіп ұстау 9 рет ауыстыру бойынша 11,7 млн теңгеге конкурс жарияланып, оны 8 млн мың теңгеге жеңімпаз «Орнамент» ЖШС 2024 жылы 28 наурызда №19 мемлекеттік сатып алу шарат түзілген, мердігер мекеме тарапынан күтіп ұстау жұмыстары толықтай атқарылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан аумағында орналасқан Бас туды жыл соңына дейін күтіп ұстау 11 рет ауыстыру бойынша конкурс жарияланып, оны «Қарағанды көркем» ЖШС жеңімпаз болып табылып, қазіргі таңда күтіп ұстау ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. және тұрақты

Мерекелік безендіру жұмыстары бойынша 2024 жылы аудан аумағын жыл соңына дейін мерекелік безендіру жұмыстары бойынша конкурс 106 млн теңгеге жарияланып, оны теңгеге 85 млн теңгеге жеңімпаз «Сенімді Құрылыс» ЖШС 2024 жылы 28 мамырда №145 мемлекеттік сатып алу шарат түзіліп, мердігер мекеме жыл соңына дейін жұмыстар тұрақты атқарған. Атап айтқанда, мерекелер аясында басты көшелер бойынша мерекелік жалаушалар, жарықдиодты мафтар мен аудан аумағындағы адам көп шоғырланған аумақтарға тақырыптық кіші сәулеттік пішіндер орнатылған.

 

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жоғарыда аталған жұмыстар бойынша 151 млн теңгеге конкурс жарияланып, оны 103 млн теңгеге «Аманта Гроуп» ЖШС жеңімпаз болып табылып, қазіргі таңда мерекелік безендіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

Тәуекел: 1. Атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланысы.

  1. Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер мекемелермен тікелей байланысы.

Ұсынымдар: 1. Жүргізілген сатып алу тәсілі, сомасы, жеңімпаз мердігер т.б. ақпарат мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру.

  1. Орындалған жұмыстарды қабылдап алу кезінде жұмыс тобын құрып, нысанға жұмыс тобымен бірге бару, фото, видео түсіру, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді күшейту.
  2. Мемлекеттік сатып алу шарттарының мерзімінде орындалуын және жұмыстың сапасын тексеру бақылауға алынсын.
  3. АӘК учаскелік комиссияның құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру, өтініш білдірушілердің үй-жайын қарау барысында айы, күні, жылы және уақыты корсетілегн фото, видео түсіру.
  4. Бас туды ауыстыру немесе есептен шығару туралы акт жасалып есепке алу қажет.
  5. Мерекелік безендіру жұмыстары бойынша орналастырған үлкен кіші МАФ-тарды теңгерімге алып қоймаға жайғастыру және есепке алу туралы акт түзілу қажет.

 

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі аудан аумағында заңсыз сауда, заңсыз жарнама орындарын анықтау бойынша бірлескен мониторингтік жұмыстарды жүргізу. Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан инвестиция тарту бойынша ивесторлармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ретсіз сауда қатарларын реттеу - ауданымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Аппараттың қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жалпы аудан бойынша Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты ретсіз сауда орындары Төле би көшесі «Орталық Қырғы» базар аумағы және Ж.Адырбеков көшелерінің бойында орналасқан.

Жалпы аудан бойынша Шымкент КПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес, белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасаған тұлғаларға 106 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл соммасы 276 579 теңге құрап, оның 128 460 теңгесі өндірілген.

Ретсіз сауда қатарларын түбегейлі жою мақсатында «Орталық қырғы базар» негізгі қақпасынан Ж.Адырбеков көшесіне дейінгі аумаққа 300 метр, Ж.Адырбеков көшесінің бойынан Төле би көшесінің қиылысына дейінгі аралыққа 150 метр бос жерлерге қала көркіне сай темір қоршау орнатылды. Қоршаулар демеушілер есебінен жүргізілді.

 

Ретсіз сауда қатарларын түбегейлі жою мақсатында «Орталық қырғы базар» негізгі қақпасынан Ж.Адырбеков көшесіне дейінгі аумаққа 300 метр, Ж.Адырбеков көшесінің бойынан Төле би көшесінің қиылысына дейінгі аралыққа 150 метр бос жерлерге қала көркіне сай темір қоршау орнатылды. Қоршаулар демеушілер есебінен жүргізілді.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері мен халықты жұмыспен қамту орталығы өкілдерімен бірлесіп, ретсіз сауда жасаушылардың біліктілігі мен біліміне сәйкес қаладағы бос жұмыс орындары бірнеше рет ұсынылды, алайда ұсынылған жұмыс орындарынан ретсіз сауда жасаушылар түбегейлі бас тартты.

Төле би көшесінің бойында жүк көліктерінің заңсыз сауда жасауына тосқауыл қою мақсатында, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп «Тоқтауға болмайды» деген 4 жол белгісі орнатылды.

Сондай-ақ, ретсіз сауда жасаушы тұлғаларды қолдау мақсатында «Орталық Қырғы базар» басшылығымен бірлесіп, базар ішінен жеңілдікпен алты ай мерзімге дейінгі ақысыз негізде әлеуметтік сауда қатарлары да ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда ретсіз сауда жасаушылардың тізімі қайта жасақталып, (117 тұлға) базар ішінде ұйымдастырылған әлеуметтік қатар, қала аумағында өтіп жатқан жәрмеңкелерде сауда жасау мүмкіндіктер қарастырылуда.

Базар ішіндегі әлеуметтік қатарға 11 адам кіруге ниет білдірді. 6 адам тұрақты жұмысқа өзбетінше орналасқан. 5 адам басқа базарға орналасты. 39- адам әлеуметтік қатарға, жұмыспен қамту шараларына бас тартты. 56 адам саудасын тоқтатты.

Аудан аумағындағы ретсіз, заңсыз (рұқсатсыз) орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнама Әл-Фараби ауданы аумағында орталық көшелерінде 1795 кәсіпкерлік нысан орналасқан. Аудан аумағында 60 көшенің бойындағы кәсіпкерлік нысандарға 48 мониторингтік шаралар жүргізіліп, 450 жабайы жарнама мен жол бойынан орын алған жапсырмалар жойылды. 167 кәсіпкердің жарнамасы заңдастырылды. Жыл басынан бері сыртқы (көрнекі) жарнамалар үшін кәсіпкерлік нысан иелерінен мемлекеттік бюджетке 105 млн тг. теңге салық төленді.

Аудан аумағында орналасқан жарнамалардың заңдылығын анықтау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылған. Оған Шымкент қаласы сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы, Әл-Фараби аудандық кірістер басқармасының мамандары енгізілген. Құрылған жұмысшы топ тарапынан тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднама тарқатылуда. Сонымент қатар, кәсіпкерлік нысан иелеріне жарнаманы заңдастырмай орналастырғаны үшін ӘҚБтК-нің 463-бабымен жеке тұлғаларға 15 АЕК-ке, ал шағын кәсіпкерлік пен коммерциялық емес ұйымдардың лауазымды азаматтарына 25 АЕК әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны да қатаң ескертілуде.

 

Мемлекеттік бағдарламалар: Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға арналған «2021 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба», «Іскер қала» бағдарламасы іске асырылуда. 2021 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 8%-дан 3 млрд. теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Сонымен қатар, мүлік жетіспеген жағдайда 50%-дан 85%-ға дейін мемлекет тарапынан кепілдік ұсынылады.

Сондай-ақ, аталған бағдарлама шеңберінде мүлік кепілдігінсіз және қайтарымсыз негізде 5 млн. теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын жобалар бойынша Конкурстық комиссияның корытындысымен беріледі.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан «Іскер қала» іс- шара жоспары аясында жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған, атап айтқанда жастар мен әйел кәсіпкерлеріне 1%-бен 30 млн. теңгеге дейін және өндірістік алаңдарында іске асыратын жобаларға 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін несие беру қарасытырылған. Айқындалған өндірістік алаңдарының жалдау ақысын 1-ші жылы 75%, 2-ші жылы 50%, 3-ші жылы 25%-ға дейін өтеп беру қарастырылған.

Аудан аумағында азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізу Аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар тауар санатындағы заттар саудаланатын ірі 3 базар, 4 сауда орталығы мен 500- ге жуық азық-түлік дүкендері орналасқан. Аталған сауда нысандарындағы әлеуметтік тауарлардың бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп, саудагерлер мен сауда орталықтың басшыларына қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік тауарлардың үстеме бағасы 15 пайыздан аспау керектігі түсіндіріліп келеді. Сонымен қатар қаладағы азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды қарау жөніндегі комиссиясы құрылған. Аталған комиссия құрамы аудан аумағындағы «Орталық Қырғы базар», «Акбар», «Айна» базарларында тексеру жұмыстарын жүргізуде. Құрылған жұмысшы топ мүшелері аудан аумағында орналдасқан сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасына күнделікті зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлерге үстем ақысын 15% асырғаны үшін шамамен 49 кәсіпкерге ескерту ретінде Сауда департаменті тарапынан хаттамалар толтырылды.

Аудан аумағында орналасқан заңсыз автотұраққа иелік еткен тұлғаларға заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 35 автотұрақ анықталды. Зерделеудің нәтижесінде 26-сы заңға сәйкес жұмыс жасамай жатқаны белгілі болды. 8 автотұрақтың мемлекеттік актісі жоқ, заңсыз ақша алуда, 11 автотұрақ мемлекеттік актісі бар, коммерциялық мақсатқа берілген, нысаналы мақсатына сәйкес емес пайдалануда, 7 автотұрақтың мемлекеттік актісі бар, нысаналы мақсаты ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін, қазіргі таңда кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып жатқандығы анықталып, акт түзілді. 9 коммерциялық нысандардың айналасында орналасқан тегін автотұрақ.

Нәтижесінде, жинақталған материалдарды заң аясында тиісті шара қабылдау үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару Комитеті Шымкент қаласының, жер ресурстарын басқару департаментіне, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына, сонымен қатар, автотұраққа ақы алуының заңдылығын зерделеп заң аясында шара қабылау бойынша Шымкент қаласының Полиция департаментіне, Әл-Фараби аудандық кірістер басқармасына хаттар жолданды.

Аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды паспорттау Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Сейтеновтің 2024 жылғы 3 қыркүйектегі №92 хаттамалық тапсырмасының 4.1 тармағына сәйкес, қала аумағында орналасқан нысандардың негізгі көшеге дейінгі аумағын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау мақсатында паспорттау заңдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, арнайы паспорт үлгісі бекітіліп, ұсынылсын деп тапсырма берілген.

Осыған орай, Әл-Фараби ауданы аумағында басты көшелердің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне негізгі көшеге дейінгі аумағын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау мақсатында паспорт жасауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, Республика даңғылындағы 49. Тәуке хан даңғылындағы 88, Т.Рысқұлов көшесі 45, Ж.Адырбеков көшесіндегі 49, Ж.Шаяхметов көшесі - 32, А.Жангелдин көшесі 35, Д.Қонаев 18, Б.Момышұлы 18, Төлеби - 29 және Д. Ерімбетов көшесіндегі - 23 кәсіпкерлік нысандардың паспорттары бекітілді.

2025 жылы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 146 кәсіпкерлік нысан иелеріне негізгі көшеге дейінгі аумағын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау мақсатында паспорт жасауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Аудан аумағында орналасқан дүңгіршектер, киіз үйлер және құрылыс нысандарға заңдылығын анықтау бойынша заң аясында тиісті жұмыстар жүргізу Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы саны 194 дүңгіршек орналасқан. Оның 75-і заңдыдастырылған.

Заңсыз орналасқан дүңгіршектер саны 108 (жерге құқық беліглейтін құжаттары жок), түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында 25 дүңгіршек орнынан алынды.

Қалған 83 дүңгіршек иелерінің (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136 бабына сәйкес) әкімішілік жауапкершілігін қарау үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару Комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне және Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына тиісті құжаттармен бірге хаттар жолданды.

 

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде тәулікке жалға берілетін пәтерлер бойынша тиісті жұмыстар жүргізу.

Әл-Фараби ауданы Республика даңғылы, Т.Айбергенов пен Ә.Жангелдин көшелерінің аумағында жалпы 231 жалдамалы жалға берілетін пәтер мен профилактикалық есепте тұратын 99 азамат және жалдамалы пәтер өткізетін 12 орын анықталған.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Шымкент КПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы және Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері бірлесіп Республика даңғылы, Ә.Жангелдин көшесі мен Т.Айбергенов көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлерде орналасқан тәулікке және сағатқа жалға берілетін пәтерлердің иелеріне және жалға алушы тұлғаларға түнгі тыныштықты бұзбау мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

Сонымен қатар, бөлімнің функциясына мемлекет мұқтаждығына алынған объектілерді бұзуды ұйымдастыру, авариялық үй-жайларды бұзу жұмыстары жүктелген. Осы орайда 2024 жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, мемлекет мұқтажына алынған нысандарды бұзу жұмыстарына жеңімпаз болып «Молшылық-1» ЖШС деп танылған. Д. Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстарын жүргізу бойынша жалпы 269 нысан бұзылуға жатады, оның 44 бұзылған. Қазіргі таңда Шымкент қаласы жер қатынастары басқармасынан мемлекет мұқтаждығына алынған жерлер бойынша келген хаттарға сәйкес «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан бұзу жұмыстары жүргізілуде.

Тәуекел: 1. Аудан әкімінің орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлермен тікелей байланысы.

  1. Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер мекемелермен тікелей байланысы.

Ұсынымдар: 1. Мониторинг жұмыстарына міндетті түрде полиция қызметкерлерімен және өзге де тиісті құзырлы мекемелермен бірлесе баруын қамтамасыз ету, анықталған заң бұзушылықтарды әлеуметтік желідегі парақшаларға және құқық бұзушылық жасаған жағдайларда қандай жауапкершілікке әкеліп соғатындығы туралы түсіндірме туралы ақпараттарды орналастыру.

  1. Мемлекеттік сатып алу шарттары аясында жасалған жұмыстарды және «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан бұзылған ғимараттарды, яғни мемлекет мұқтаждығына алынған объетілердің құрылыс материалдарына акт тізбесі жасалсын.

 

9-міндет. Қаржы шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Шымкент қаласы әкімінің хаттамасына сәйкес аудан әкімі аппаратында барлық мемлекеттік сатып алу жұмыстары, орталықтандырылған Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы өткізу қатаң тапсырылған.

 

Осыған байланысты, аудан өкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу жұмыстары біріңғай Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы өткізілуде.

Экономика және жоспарлау бөлімі. Шымкент қаласы өкімдігінің 2024 жылғы 3 маусымында №2699 қаулысы негізінде құрылған. «Экономика және жоспарлау бөлімі» тікелей Шымкент қаласының «Экономика және бюджетті жоспарлау» және Қаржы басқармаларымен жұмыс атқарады. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу жоспарын және т.б. қаржылық іс- әрекеттерді жүзеге асырады

  1. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша бюджет қаражаттарының игерілуі бойынша 2024 жылдың қортындысы 248 келісім шарт түзіліп, 1856192,0 мың теңге қаржы бөлінген, оның ішінде 1750479,4 мың теңге міндеттемеге алынған, нақты жаратылғаны 1397288,8 мың теңге, 353190,6 мың теңге үнемделген
  2. 2024 жылға 2201428,0 теңге бөлініп, оның 1848009,0 мың теңгесі игерілмеді. Игерілмеу себебі 18 балалар ойын алаңшаларының мердігер «EL- KZ 2020» ЖШС мерзімінде аяқтамау салдарынан орын алған.
  3. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша бюджет қаражаттарының игерілуі 01.05.2025 жылға дейін 251315,8 мың теңге.
  4. 01.04.2025 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар 2320788,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде мемлекеттік сатып алу конкурстарына 1949552,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурстары заң талаптарына сәйкес жүргізілілген, мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып тиісті бөлімдерге жолданған.

Тәуекел: Тәукелдер анықталмады.

Ұсынымдар: Аудан әкімі аппарат басшысы мен бөлім басшысы мемлекет сатып алуға және т.б. қаралған қаржыны жоспарға сай игеру және бақылау күшейтілсін.

 

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі. Аудан аумағындағы санитарлық тазалық (көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын және ішкі орам жолдардың бей-берекет жиналған қоқыс орындарын жою, ағаштарды санитарлық қырқу, шөптерді ору жұмыстары, өктеу және т.б. жұмыстар) жұмыстарының жүргізілуін қадағалайды.

Аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау бойынша, көлеміне қарай 7 учаскеге бөлінген. Әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау жұмыстары «Әл-Фараби» КММ тарапынан атқарылуда. Әл-Фараби ауданы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағындағы және ішкі орамдық жолдары мен аумақтағы (ағаштарды санитарлық қырқу, шөптерді ору жұмыстары, әктеу т.б.) жұмыстар «Әл-Фараби» КММ тарапынан жүргізілуде.

 

Аудан аумағындағы жеке және көп қабатты үй тұрғындары қоқыс шығару бойынша келісім шартқа тұрған. Қоқыстардың уақытылы алынуы тұрақты бақылауда.

Аудан әкімі аппараты және аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе 2024-2025 жылғы жылыту маусымы кезеңінде, аудан тұрғындарына газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай ақ, дала өртінің алдын алу мақсатында, аудан аумағындағы «Текесу» тұрғын алабындағы егістік алқап иелері тарапынан, жалпы ұзындығы 18 шақырым егістік алқаптарға минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілді. Әл-Фараби аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы ескірген және тозығы жеткен қоқыс жәшіктерін ауыстыру мақсатында 2024 жылы 680 жаңа евроконтейнерлерге 144,1 млн.теңге қаржы қаралып (цинктелген қақпақты 1100литр/440кг) сатып алу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының жіңімпазы "GLOBAL BUSINESS CONSTRUCTION" ЖШС-і атанып 25.07.2025 жылы 105 млн 701 мың теңгеге келісім шарты жасалды. Мердігер мекеме тарапынан Евроконтейнерлерді өткізу қабылдау жұмыстары 07.10.2024 жылы жүргізіліп аудан аумағындағы қоқыс алаңшаларға орнатылды.

Тәуекел: 1. Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер мекемелермен тікелей байланысы.

Ұсынымдар: 1. Аудан әкімінің орынбасары және бөлім тарапынан «Әл- Фараби» КММ-нің жұмысына бақылау жасау күшейтілсін.

  1. Мемлекеттік сатып алу шарт шеңберінде жасалан жұмыстар мен қызметтерді әлеуметтік желілерге жариялау және ұй басқарушылармен бірге қабылдау.

 

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі. Аудан аумағын абаттандыруға, көпқабатты үй аулаларына балалар ойын алаңшаларын, спорт алаңшаларын орнату, абаттандырылған нысандардың пайдалануын қадағалау жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында далалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Балалар ойын алаңшасы мен ашық спорт алаңшалар орнату бойынша талдау кезеңінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі тарапынан аудан аумағында 66 мекен-жайға балалар ойын алаңшалар орнатуға 1 544 086 500 теңге, 4 мекен-жайға ашық спорт алаңшалар орнатуға 173 885010 теңге қаржы қаралды.

Аудан аумағында 66 балалар ойын алаңшасын орнатуға 9 мердігер мекемемен 996 274 140,96 теңгеге, 4 ашық спорт алаңша орнатуға 102 406 080 теңге мемлекеттік сатып алу шарттар түзілді.

Нәтижесінде, аудан аумағында 49 балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізіліп, 675 741 340,96 теңге және 3 ашық спорт алаңша орнату жұмыстары аяқталып 60 518,080 бюджет қаражаты игерілді, қалған 17 ауладағы балалар ойын алаңшасы және 1 аулаға ашық спорт алаңша орнату жұмыстары мердігер мекеме «EL-KZ 2020» ЖШС тарапынан аяқталмауына байланысты, балалар ойын алаңшаларын орнату үшін мердігер мекемемен түзілген 17 келісім-шарт соммасы 320 532 800 теңге және 1 ашық спорт алаңша салу үшін түзілген келісім-шарт соммасы 41 888 000 теңге бюджетке кері қайтарылды.

Сонымен қатар, балалар ойын алаңшасы мен ашық спорт алаңша орнату жұмыстарын келісім-шартқа сәйкес, 60 күннен кеш аяқтауына орай, 45 мемлекеттік сатып алу шарт бойынша мердігер мекемелер бюджетке 19 204 985,86 теңге тұрақсыздық айыбы өндірілген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу Заңына талаптарын басшылыққа ала отырып Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз жолданған, алайды жоғарыда аталған сот шешімімен ҚР Мемлекеттік сатып алу Заңының талаптарына сәйкес заң бұзушылықтар анықталған күннен бастап 30 күн мерзімді шағым жасалмағандығын негізге ала отырып талап арыз толығымен қанағаттандырусыз қалдырылған.

Одан бөлек, 5 мемлекеттік сатып алу шарттар бойынша мердігер мекеме «Saryisyn Holding» ЖШС жұмыстарды кешігіп аяқтауына байланысты, бөлім мамандары тарапынан бірнеше рет ескертпе хаттар жолданған, алайда «Saryisyn Holding» ЖШС 2 500 176 теңге тұрақсыздық айыбы төлеуден жалтарып бас тартқан.

Осы бойынша тұрақсыздық айыбын өндіру мақсатында сотқа талап арыз беріліп, Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 19 наурыздағы №5265-25-00-2/33 шешіміне сәйкес талап арыз толығымен қанағаттандырылды, яғни, мердігер мекемеге «Saryisyn Holding» ЖШС 2 500 176 теңге тұрақсыздық айыбын толық төлеу міндеттелді.

Аллея орнату бойынша аудан тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында 3 мекен-жайға аллея орнату мақсатында бюджеттен 234 393 256 қаржы қаралып, мердігер мекемемен 147 840 000 теңгеге келісім- шарт түзілді. Жұмыстар толық көлемде аяқталып, 147 840 000 теңге бюджет қаражаты игерілді.

Сонымен қатар, аллея орнату жұмыстарын келісім-шартқа сәйкес, 90 күннен кеш аяқтауына орай, 3 келісім-шарт бойынша бюджетке 2 820 056,94 теңге тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Қоқыс жәшіктерін орнату бойынша Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі тарапынан аудан аумағында 30 орталық көшелерге 657 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға 49 950 000 қаржы қаралып, мердігер мекемемен 21 398 000 теңгеге келісім-шарт түзілген болатын. Жұмыстар толық көлемде аяқталып, 21 398 000 теңге бюджет қаражаты игерілді.

Аяқжол орнату бойынша Аудан аумағында 36 мекен-жайға аяккол орнату үшін бюджеттен 200 000 000 теңге қаржы қаралып, мердігер мекемемен келісім- шарт 126 336 248,64 теңге түзілген болатын. Жұмыстар толық көлемде аяқталып, 126 336 248,64 теңге бюджет қаражаты игерілді.

 

Сонымен қатар, аяқжол орнату жұмыстарын келісім-шартқа сәйкес, 120 күннен кеш аяқтауына орай, мердігер мекеме тарапынан бюджетке 2553 283,10 теңге тұрақсыздық айыбы төленді.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі тарапынан 2024 жылы 1031 833 669,6 теңге бюджет қаражаты игерілді. Сондай-ақ, инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі тарапынан 24 578 325,9 теңге бюджетке тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алу жұмыстары Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасына біріңғай ұйымдастырушы болып табылады.

Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер мекемелермен тікелей байланысы.

Ұсынымдар: 1. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау.

  1. Жүргізілген сатып алу тәсілі, соммасы, жеңімпаз мердігер туралы және т.б. ақпаратты мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына фото және видео материалдарын ашық ақпаратты орналастыру, орындалған жұмыстарды қабылдап алу кезінде қоғамдық бақылау кеңесін қатыстыру.
  2. Мемлекеттік сатып алу шарттарының мерзімінде орындалуын және жұмыстың сапасын тексеру бақылау және толығымен аяқталған жұмыстарға төлем жүргізу қатаң бақылауға алынсын.

 

Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі. Аудан аумағында көшелерге, көше атауы жазылған тақтайшалар орнатуға, мерекелік іс-шаралар өткізуге, ауданды мерекелік безендіруге мемлекеттік іс шараларды ұйымдастырады. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік рәміздерін күтіп ұстау, уақытылы ауыстырып тұруды қамтамасыз ету және аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелеріндегі ҚР Мемлекеттік рәміздерін күтіп ұстау және уақытылы ауысуына бақылау жасайды,

Шымкент қаласы мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №23/195-VIII шешіміне сәйкес, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан жеке және көп қабатты тұрғын үйлерге көше аттары мен үй нөмері жазылған тақтайшалар орнату жұмыстарына 12 153 571,43 (он екі миллион жүз елу үш мың бес жүз жетпіс бір теңге 43 тиын) теңге қаралып, техникалық ерекшелігі жасалып, қажетті қаржы бөлінген.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының оң нәтижесі шыққаннан соң мердігер тарапынан аудан аумағындағы жеке және көп қабатты тұрғын үйлерге көше аттары, үй нөмірі жазылған 3889 дана тақтайшаларды орнату жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік рәміздер бойынша түсіндіру жұмыстарынын жүргізу үшін Әл-Фараби ауданы өкімі аппараты Техникалық реттеу және меторология комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен бірлесе бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, ҚР Мемлекеттік рәміздерін күтіп ұстау және уақытылы ауыстырылуына бақылау жұмыстары аудан аумағында орналасқан 70 мекемеге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 13 мемлекеттік мекемеде кемшіліктер анықталды, қазіргі таңда анықталған кемшіліктер бойынша ретке келтіріy бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Қазақстан Республикасының күнтізбесіндегі мемлекеттік және атаулы күндер бойынша мерекелер маңызы бар іс-шараларды өткізу

Әл-Фараби ауданы аумағында аталып өтетін 11 мемлекеттік іс-шара бар. Жалпы іс шараға 15 295 000 тенге қаржы қаралған.

Атап айтқанда:

  1. 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекелік іс-шарасын өткізуге 1 690 000 тенге қаржы қаралған,
  2. 22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай 3 015 000 тенге қаржы қаралған,
  3. 1-мамыр Қазақстан Халықтары бірлігі күні 940 000 тенге қаржы қаралған,

4.7- мамыр ҚР Отан қорғаушылар күніне 940 000 тенге қаржы қаралған,

  1. 9-мамыр Жеңіс күніне 1816 000 тенге қаржы қаралған,
  2. Қала күні мерекесіне 940 000 тенге қаржы қаралған,
  3. Астана күніне 1 149 600 тенге қаржы қаралған,
  4. «ҚР Конституцисы күні» мерекесіне орай 1444 000 тенге қаржы қаралған,
  5. «Республика күні» мерекесіне орай 1 380 000 тенге қаржы қаралған,
  6. «ҚР Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай 560 000 тенге қаржы қаралған,
  7. «Әл-Фараби ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасын өткізу» 3 066 400 тенге қаржы қаралған.

Аудан әкімінің аппаратымен өткізілген барлық іс-шаралар мен жұмыстар БАҚ-та және «facebook» және «instagram» парақшалары мен Әл- Фараби ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында (http://www.alfaraby- shym.gov.kz) тұрақты түрде жариялануын қамтамасыз ету.

Әл-Фараби аудан әкімінің аппаратымен өткізілген барлық іс-шаралар мен атқарылып жатқан жұмыстар БАҚ-та және <<<Facebook», «Instagram>>> парақшалары мен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында тұрақты түрде жариялануда.

2024 жыл басынан бері Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік парақшаларында түрлі сипаттағы жалпы саны - 235 материал жарияланған. Бұқаралық ақпарат құралдары мен «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілер арқылы 265 сыни материал келіп түскен (өтініштер, ұсыныстар, сұраныстар, сауалдар, жағымды және жағымсыз пікірлер) және оған өз уақытында жауап берілген.

         Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың бағдарламаларын, жолдауының ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізу бойынша М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да ұжымы және студенттер арасында 200 адамға түсіндіру және насихаттау жұмысы, ОҚМУ-ның мәжіліс залында 11.09.2024 жылы, Аудан ардегерлері және белсенді жастар арасында, Қазақстан халқы ассамблеясының мәжіліс залында 60 қа жуық жастар арасында жылдың көктемгі түсіндіру және насихаттау жұмысы өткізілген. 2024 шақырылым бойынша әскер қатарына жіберу іс-шараларын ұйымдастыру жыл басынан, аудан аумағында орналасқан адам көп шоғырланатын орындарда әскер қатарына шақырылуға жататын азаматтарға (базар, ірі сауда орындары, кәсіпкерлік нысандар, көшелер мен даңғылдар бойы) Отан алдындағы әскери борышын өтеу туралы көктем мезгілінде 7 рет рейдтік іс-шара жұмыстары жүргізілді, жоспарға сәйкес 190 азаматқа тапсырыс беріліп, меже 103% ra орындалып Әл-Фараби ауданы бойынша 265 азамат әскер қатарына жіберілді.

2024 жылдың күзгі қыркүйек желтоқсан аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке 265 азаматты жіберу жоспарлануда, Абай, Әл-Фараби ауданының біріктірілген қорғаныс басқармасымен бірге іс-шара жоспары түзілген. Іс-шара жоспарына сәйкес аудан әкімінің қызметкерлері, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы мен Абай, Әл-Фараби ауданының біріктірілген қорғаныс басқармасының жауапты мамандарымен бірге күзгі шақырылым бойынша аудан аумағында орналасқан адам көп шоғырланатын орындарда әскер қатарына шақырылуға жататын азаматтарға іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Тәуекел: 1. Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер мекемемен тікелей байланысы.

Ұсынымдар: 1. Жүргізілген сатып алу тәсілі, сомасы, жеңімпаз мердігер т.б. ақпарат мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру.

 

  1. Орындалған жұмыстарды қабылдап алу кезінде жұмыс тобын құрып, нысанға жұмыс тобымен бірге бару, фото, видео түсіру, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді күшейту.
  2. Мемлекеттік сатып алу шарттарының мерзімінде орындалуын және жұмыстың сапасын тексеру бақылауға алынсын.

 

10-міндет. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.

Талдау барысында аппаратта жасырын көрсетілетін қызметі түрі анықталмады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ішкі талдау нәтижелері:

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат:

әлеуетті өнім берушімен орындалған, жеткізілген жұмыстарды қабылдау барысында тапсырыс берушінің арасында тікелей байланыстың болуы;

мемлекеттік сатып алу шарттарының мерзімінен кешігіп, жұмыс сапасыз орындалатыны;

атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланысы;

 

мониторингтік жұмыстарды (сыртқы жарнамалар, ретсіз сауда, заңсыз құрылыстар) жүргізу барысында кәсіпкерлік субъектілермен тікелей байланыстың болуы;

аппараттағы кейбір қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне немқұрайлы қарауы;

- мемлекет муқтаждығына алынған объектілерді бұзу барысында, жарамды құрылыс материалдарын анықтау және оны алушылар арасындағы байланыс.

Ішкі талдау кезеңінде 6 тәуекел анықталды.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, құқық бұзушылықтарын жою бойынша ұсынымдар:

- аппаратта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақтау, бұл жөнінде тікелей басшылардың жауапкершілігін ескерту;

- мемлекеттік сатып алу мен орындалған жұмыстарды қабылдап алу кезінде жұмыс тобын құрып, нысанға жұмыс тобымен бірге бару, фото, видео түсіру, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді күшейту;

- Мемлекеттік сатып алу шарттарының мерзімінде орындалуын қатаң бақылауға алу, мерзімінен кешіккен шарттар бойынша шұғыл арада сотқа жүгінуі үшін, заңгерге ескерту;

- әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан барлық қызметшілер арасында орындаушылық тәртібі және әдеп кодексі талаптарын, лауазымдық міндеттерін қатаң сақтауы жөнінде түсіндіру шараларын жүргізу;

- АӘК учаскелік комиссияның құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру, өтініш білдірушілердің үй-жайына барған кезде айы, күні, жылы және уақыты корсетілегн фото, видео түсіру.

- АӘК алуға өтініш білдірушілердің үй-жайына міндетті түрде комиссия мүшелерінің толық, бірге баруын қамтамасыз ету.

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы ай сайын құқықтық түсіндірме жүргізуді, тиісті жадынамамен таныстырып қол қойдыруды жандандыру, құқықтық семинарға (сабаққа) қатыспаған қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту;

- СКУД жүйесін дұрыс пайдалану, ол үшін әр қызметшінің жауапты екенін ескерту және талаптарды орындамаған жағдайда жауапкершілігін қарау;

- Аппараттың әдіскерлерін, келісім шарт негізінде және жастар практикасы арқылы келген қызметкерлердің жұмысқа келіп кетуін қатаң бақылауға алу және жазбаша тіркеу (келді-кетті) жұмыстарын жүргізу;

- Бас туды ауыстыру немесе есептен шығару туралы акт жасалып есепке алу қажет;

- Мерекелік безендіру жұмыстары бойынша орналастырған үлкен кіші МАФ- тарды теңгерімге алып қоймаға жайғастыру және есепке алу туралы акт түзілу қажет;

- Мемлекеттік сатып алу шарттары аясында жасалған жұмыстарды және «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан бұзылған ғимараттарды, яғни мемлекет мұқтаждығына алынған объетілердің құрылыс материалдарына акт тізбесі жасалсын;

- Аудан әкімі аппарат басшысы мен бөлім басшысы мемлекет сатып алуға және т.б. қаралған қаржыны жоспарға сай игеру және бақылау күшейтілсін;

- Аудан әкімінің орынбасары және бөлім тарапынан «Әл-Фараби» КММ-нің жұмысына бақылау жасау күшейтілсін;

- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік тапсырыс берушімен және мердігермен өзара әрекеттестікте техникалық қадағалауды күшейту;

- заңда белгіленген тәртіпте осы талдамалық анықтаманы аппараттың ресми интер тернет-ресурсына орналастыру және белгіленген мерзімде жария талқылауды уды қамтамасыз ету.

 

Ж. Оспанов

 

Сұлтанбеков Б

 

Б.Смайылов

 

Е. Ерланұлы

 

Тәжібаев М

 

Шынтасов Д

 

Б.Салиев

 

Б. Өтеулі

 

Қ. Арысбеков

 

Тәшімова Г

 

Б.Жанаев

 

А. Жалмырзаева

Жарияланған күні

21 қазан 2026

Жаңарту күні

21 қазан 2026