АБАЙЛАҢЫЗ АЛАЯҚТАР!!!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шымкент қаласы бойынша департаменті WhatsApp желісі арқылы Департамент басшылығының атынан жалған аккаунттар ашып, хабарламалар жіберетін алаяқтар туралы ескертеді.

Мұндай хабарламаларға сенбеуге және ақша аудармауға шақырамыз.

Осы тұрғыдағы қоңыраулар немесе хабарламалар алған жағдайда, орын алған фактілер туралы Агенттіктің 1424 Call-орталығына немесе 8(7252) 981400 нөмірі бойынша Департаменттің кезекші бөліміне дереу хабарлауды сұраймыз.

Жарияланған күні

12 қараша 2024 15:24

Жаңарту күні

12 қараша 2024

Бағыттар