Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ғимараттары және құрылыстарын балама энергия көздерімен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің ғимараттары және құрылыстарын балама энергия көздерімен жабдықтаудың нормалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Балама энергия көздерін сатып алуды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бөлінген қаражат есебінен және шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асыру белгіленсін.
- Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты К. Мәсімов
73