«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 маусымдағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 маусымдағы № 47 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11680 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Шекара қызметін және Шекара академиясын техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен жабдықтаудың заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты К. Мәсімов
69