Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстың қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығымен «Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына филология ғылымдарының докторы, доцент Дукен Масимханулы тағайындалды.

Жарияланған күні

15 шілде 2026 20:06

Жаңарту күні

15 шілде 2026

Жарияланды
Бағыттар