Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚРЗ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103 гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға өтінімдерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері береді.
«Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторантураны гранттық қаржыландыру конкурсына және жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімдерді бір мезгілде беруге жол беріледі. Бұл ретте конкурстық құжаттамаға сәйкес бір тұлға көрсетілген конкурстардың біреуінде ғана жобаның ғылыми жетекшісі бола алады.
Мысалы, Астана қаласындағы аккредиттелген университет «Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторантураны гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім беріп, оқытушы А.-ны жобаның ғылыми жетекшісі ретінде көрсетті. Кейін осы университет жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінім беріп, қайтадан оқытушы А. жобаның ғылыми жетекшісі ретінде көрсетілді. Бұл жағдайда оқытушы А. екі жобаның біреуінің ғана ғылыми жетекшісі бола алады. Сондықтан екінші өтінімде жобаның ғылыми жетекшісі ретінде конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін басқа тұлға көрсетілуге тиіс.