ҚР ҒЖБМ Әкімшілік департаментінің Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

357266

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініштерді қарау бойынша жұмыс жүргізу қызметін үйлестіруді ұйымдастырады; өтініштермен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру, құжат айналымын, құжаттар санын және олардың нысандарын қысқарту жөніндеаұсыныстараенгізеді; Министрлікке келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуына күнделікті мониторингті жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштерін бақылаудан алуды және оларды жүйелеуді қамтамасыз етеді; ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетімен салыстыру актісін жүргізеді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша номенклатуралықаістердіақалыптастырады; Министрдің "электрондық үкімет" порталы арқылы азаматтарды онлайнақабылдауынаұйымдастырады; Басшылықтың азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады және  өткізеді; материалдарды жинақтау және талдау, Министрлік басшылығының азаматтарды қабылдау нәтижелері бойынша жеке мәселелері бойынша берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; Министрлік басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне азаматтарды қабылдау жөніндегі жұмыс туралы ақпаратты және азаматтарды қабылдау кестесін (тоқсанасайын)адайындайдыажәнеаұсынады; құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, орындаушыларға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдері туралы анықтамалар-ескертулер жолдау бойынша жұмысты ұйымдастырады; Министрліктің орталық аппаратында азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу бойынша орындаушылық тәртіптің, құжат айналымына талдау жүргізеді, Министрлік басшылығын кейіннен хабардар ету үшін Департамент басшылығына есептер, анықтамалар, талдамалық материалдар дайындайды және ұсынады; Министрліктің орталық аппаратының алдағы жылға арналған Іс номенклатурасын әзірлеу және Орталық мемлекеттік мұрағатпен келісуін жолдауды қамтамасыз етеді; Министрліктің орталық аппаратының келесі жылдарға арналған Істер номенклатурасын әзірлеуді қамтамасыз етуге; бекіту және құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізу жұмыстарын ұйымдастырады; Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізуге; құрылымдық бөлімшелерге  дер кезінде жеткізу үшін Министрлік басшылығы алдында белгіленген заңнамалық тәртіппен жауапкершілігі жүктеледі; электрондық мұрағат құжаттарын сақтауды және жүргізуді қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасының жоғары тұрған мемлекеттік органдарының құжаттары мен тапсырмаларын, бұйрықтар мен хаттамалық тапсырмаларды, Министрлік басшылығының нұсқауларын уақтылы орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.11.2022 – 28.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61