ҚР ҒЖБМ Заң департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
824323
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
- міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Департамент жұмысын ұйымдастыру; Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру; жұмысты жоспарлау мен үйлестіруді, сондай -ақ Департаменттің қызметіне бақылауды, оның Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен тиімді өзара іс -қимылын ұйымдастыру; департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың заң қызметтерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заң қызметтерімен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілеріне мониторингін үйлестіру және тұрақты негізде бақылауды жүзеге асыру; Министрліктің нормативтік-құқықтық қызметін талдау бойынша жұмысты ұйымдастыруға және оның нәтижелері бойынша оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу; Министрге қол қоюға ұсынылған құқықтық актілердің жобаларын және құқықтық сипаттағы талаптардың сақталуын тексеру бойынша жұмысты ұйымдастыру; басқа мемлекеттік органдардан Министрлікке бекітуге алынған құқықтық актілерді зерделеуді жүзеге асыруды ұйымдастыру; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; құқықтық актілерді әзірлеуде құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және оларды әзірлеу кезінде құқықтық технология талаптарын сақтау; құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге уақытында ұсынылуын, олардың интернет-ресурстарға орналастырылуын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; Министрлік қабылдаған құқықтық актілердің есепке алынуын, сақталуын және талдауын бақылауда ұстауын ұйымдастыру, оларды бақылауда ұстау; Министрліктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын басқа мемлекеттік органдарда келісудегі өткізуге құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, Министрліктің нормативтік құқықтық актілерінің жобалары туралы басқа мемлекеттік органдардан алынған ескертулерді жою (оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің ғылыми, құқықтық сараптамасының нәтижелері); сараптамалық қорытынды алу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын құқықтық актілердің жобалары Министрлігінің Сараптамалық кеңесі арқылы құрылымдық бөлімшелер - құқықтық актілерді әзірлеушілер бағытында жұмысты ұйымдастыруға; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын жалпылауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, Министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру; Министрліктің мүлікті және басқа заңды құқықтары мен мүдделерін заңды құралдармен қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру; басшылықтың тапсырмасы бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына арналған материалдарды қарау нәтижелері бойынша Министрге қорытындылар дайындауға бақылауды ұйымдастыру (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының жобалары); Министрліктің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша (заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда) Министрлік атынан түсіндірулер дайындауға бақылауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және Министрлікте құқықтық жалпыға ортақ білім беруді ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру; әр түрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының, оның ішінде басқа мемлекеттік органдар құрған жұмыс топтарына қатысу; мүшелері Министрлік басшылары болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің, түрлі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарына құқықтық материалдардың дайындалуына бақылауды жүзеге асыру; Департамент қызметкерлерінің құжаттандыру және құжат айналымы ережелерінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету; нормативтік құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу; Министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету; Министрлікте және оның құрылымдық бөлімшелерінде адалдықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты үйлестіру; соттарда және басқа органдар мен ұйымдарда Министрліктің мүліктік және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау; мемлекеттік сатып алу комиссияларының жұмысына қатысу; Министрліктің қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жұмыстарға қатысу және құқықтық қолдау; Министрліктің адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, талап қою жұмысы, мемлекеттік сатып алуды құқықтық қолдау бойынша құқық қолдану тәжірибесін талдау; басқарма қызметкерлерімен басқа мемлекеттік органдардан Министрлікке келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді зерделеуін ұйымдастыру; департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың заң қызметтерімен, сондай -ақ мемлекеттік органдардың заң қызметтерімен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; департаментте іс жүргізуді ұйымдастыру, Аппарат басшысына атқарылған жұмыс туралы есеп беру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61