ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары, №01
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
824323
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
- міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Қосымша талаптар
Мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің болуы
Функционалды міндеттер
Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығының, Комитет төрағасының өкімдерін, тапсырмаларын уақтылы орындауды қамтамасыз етеді; Төрағаның келісімі бойынша мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді. Комитет құзыреті шегінде жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерінің сапалы және уақтылы қаралуын бақылауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне тапсырмалар бере алады, оның ішінде құжаттарға қол қоя алады. Заңды тұлғаларға мамандықтар топтары бойынша әскери, арнаулы оқу орындары, кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім беру, кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, оқыту нысандары не оларды беруден дәлелді бас тарту бағыттары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беру жөніндегі жұмысты бақылайды. Білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияны басқарады. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту, қайта ресімдеу туралы дәлелді жауаптарға қол қояды. Республикалық аккредиттеу кеңесінің, оның ішінде аккредиттеу органдарын тану жөніндегі жұмысын ұйымдастырады. шетелдіктерді қоса алғанда. Танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі жұмысты бақылайды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бейіндеу бойынша жұмысты үйлестіреді. Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру жөніндегі жұмысты бақылайды. Мемлекет атынан ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), медициналық және құқық қорғау бағыттары бойынша белгіленген мемлекеттік үлгідегі профессор аттестаттарын беру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді. Диссертациялық кеңестердің қызметін ұйымдастыру туралы шешім қабылдауға қатысады. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор және қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беруге арналған аттестаттау істерін қарау жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметін құру және ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді және бақылайды. Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты бақылайды. Диссертациялық Кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру және қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру тәртібін әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы диссертациялық кеңестердің қызметіне мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Жетекшілік ететін басқармалар қызметінің бағыты бойынша мемлекеттік тапсырмалар бойынша бюджеттік өтінімге негіздеме дайындау бойынша жұмысты үйлестіреді. Жетекшілік ететін басқармалар қызметінің бағыты бойынша шарттарға шарттар мен техникалық ерекшеліктерді дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы және мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы туралы құжаттарға (орындалған жұмыстардың актілері, шарттар және т.б.) қол қояды. Комитет құзыреті шегінде қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша (ҚР білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы, «Білімді ұлт» ұлттық жобасы, Министрліктің даму жоспары және т.б.), оның ішінде жобалық басқаруды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының орындалуын жоспарлауға және мониторингтеуге қатысады. Жұмыста «Е-қызмет», Бұлтты құжат айналымын (БҚА), Е-өтініш, Е-құжат және құзыреттер шеңберінде өзге де ақпараттық жүйелерді пайдаланады. Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауға міндетті. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың (Ақпараттық қауіпсіздік саясаты; коммерциялық құпияны, қызметтік немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелер; Мобильді құрылғылар мен ақпарат жеткізгіштерді пайдалану; Интернет пен электрондық поштаны пайдалану және т.б.) талаптарын сақтауға міндетті. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерге ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері және қорғау жүйесінің жұмыс істеу ережелерін бұзу туралы хабарлауға міндетті. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша әлемдік тәжірибе мен үздік тәжірибелерді енгізуді зерделейді, жинақтайды және ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Министрдің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61