ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2024 жылғы 30 маусым аралығында)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
824323
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
- міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында және орталықтандыруды қамтамасыз ету, аударымдардың ашықтығын арттыру, сондай-ақ жалпыұлттық ғылыми басымдықтарды негізге ала отырып, жер қойнауын пайдаланушылар ғылым мен технологияларды қолдау мен дамытуды қаржыландыруға бағыттайтын пайдалы қазбаларды өндіруге арналған шығындардың 1%-ы мөлшерінде қаражатты бөлу; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы салааралық үйлестіру; халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық; ғылымды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады; Қазақстан Республикасындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы тиісті мемлекеттік бағдарламалық құжаттар мен жоспарлардың, өз құзыреті шеңберінде Комитет әзірлейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу мәселелерін үйлестіреді; Қазақстан Республикасындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы басым бағыттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуді жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді; Комитет қызметін құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерін, сондай-ақ ғылым саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның ішінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеу мәселелерін үйлестіреді. Комитетте және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін бақылайды. Комитеттің ақпараттық-талдау қызметін жетілдіру мәселелерін үйлестіреді; ғылыми қызмет саласында шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қою мәселелерін бақылайды; Қазақстан мен шет елдердің ғылыми-техникалық әлеуетінің жай-күйі мен даму үрдістерін, шетелдік ғылыми ұйымдардың озық жұмыс тәжірибесін талдауды мониторингілеуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар бойынша міндеттемелердің іске асырылуын қамтамасыз етеді; ғылым және ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттердің, шетелдік компаниялардың және шетелдік ғылыми ұйымдардың өкілдерімен протоколдық іс-шаралар, кездесулер және келіссөздер өткізу мәселелерін үйлестіреді; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді; электрондық құжат айналымын, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдарда енгізу және Комитеттің ведомстволық мұрағатын жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді; Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіппен қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да органдар мен ұйымдарда Комитеттің мүдделерін білдіру жөніндегі жұмысты үйлестіреді; отандық ғалымдардың шетелде тағылымдамадан өтуі және ғалымдарды шетелден ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін тарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Парламентінің, Комитет төрағасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61