ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитетінің Тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Әдебиеттану
- Тарих-Дінтану
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға; Құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасауға; заңнама талаптарына сәйкес келісуге ұсынылған нормативті-құқықтық актілерге сараптама жүргізуді іске асыруға; Комитет құзыретіне жататын сұрақтар бойынша нормативті-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуге; Комитет құзыретіне жататын сұрақтарды шешу бойынша нормативті-құқықтық актілерді қолданудың әдістемелік нұсқаулығын дайындауға; мемлекеттік органдардағы құжат айналымының мемлекеттік тілде жүргізілуін үйлестіру, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде құжат айналымына мониторинг жүргізуге; құжат айналымы бойынша қорытынды есептік ақпарат әзірлеуге; Министрлік ішкі құжат айналымының Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңнамасына сәйкестігін қадағалауға; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы бойынша мемлекеттік тексеру және тексеру жұмыстарына қатысуға; еңбек шарттарының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарау; Комитеттің әкімшілік бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу және өз құзыреті шегінде оларды өткізу үшін дайындалатын конкурстық құжаттарды қарауға; ведомстволық бағынысты ұйымдардың құқықтық сұрақтарына кеңес беруге; Комитеттің ережесін әзірлеуге; ведомстволық бағынысты ұйымның жарғысын әзірлеуге қатысуға; басқа органдарда құқықтық сипаттағы сұрақтарды қарастыру кезінде комитет мүдделерін білдіруге; жетекшілік ететін бағыт бойынша комитет қызметінің тиiмдiлiгін бағалау жұмыстарын жүргізуге; мониторинг, нормативтік-құқықтық актілердің дерекқорын (тізілімдер, тізімдер) жүргізуге; құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде, сондай-ақ басқа органдарда комитеттің мүддесін қорғау және құқықтық мәселелер бойынша құжаттар әзірлеуге; құқықтық сұрақтар бойынша аналитикалық ақпараттар және анықтамалар дайындауге; басқарманың жоспарын, желілік жұмыс кестесін және есебін дайындауға қатысуға; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды және комитет қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуге; «Ашық НҚА» порталында жария талқылау процесін қадағалау және келіп түскен түсініктемелерді уақытылы қарауға; жетекшілік ететін мәселелер бойынша өтініштер мен хаттарға жауаптар әзірлеуге; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу жұмыстарын жүргізуге; республика бойынша деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу бойынша мониторингін жүргізуге; қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу бойынша қорытынды есептік ақпарат әзірлеуге; деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша деректер жинауды жүргізуге; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабында (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі комитеттің мәселелерін үйлестіру және Комитет төрағасы мен оның орынбасарының әкімшілік жаза қолдану жөніндегі мәселелерін үйлестіруге; Комитеттің БАҚ-пен және қоғаммен жұмысын үйлестіруге; БАҚ-тың Комитет жұмысының бағыттары бойынша сұраныстарына жауаптың ұсынылуын қамтамасыз етуге; «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның аясында уәкілетті органға есептердің уақытылы ұсынылуын қадағалауға; БАҚ-та мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында шаралар өткізуге; Комитеттің тіл саясатын іске асыру бойынша медиажоспарының орындалуын қамтамасыз етуге; Комитеттің ресми парақшасын және әлеуметтік желілердегі парақшаларын жүргізуге; Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық мәселесін өз құзыреті шегінде қарастыру, комитеттің істер номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды уақытында қалыптастыруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33