ҚР ҒЖБМ Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік тапсырыс басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары» АЖ жұмыс істей білуі.
Функционалды міндеттер
Департамент ережесінде көзделген басқару міндеттері мен функцияларын орындау шеңберінде басқарманың жұмысын ұйымдастыруды, реттеуді, жоспарлауды және бақылауды жүзеге асыру; Министрліктің ұсынылған бекітілген жеке қаржыландыру жоспары негізінде Министрліктің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу және бекітуге ұсыну; сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге ұсынылатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәсілдермен өткізілген Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу туралы бұйрықтың жобасын әзірлеу; сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ұсынылған бекітілген техникалық ерекшеліктері бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру жобасын әзірлеу; мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу сатып алу; Министрліктің ұсынылған бекітілген жеке қаржыландыру жоспары (тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы) негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысының жылдық жоспарын әзірлеу және бекітуге ұсыну; Қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне сәйкес Министрліктің мемлекеттік білім беру тапсырысының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысының рәсімдерін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету; Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33