ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Білім алушылардың мемлекеттік тапсырысын және контингентін қалыптастыру басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Дефектология
- Математика
- Физика
- Информатика
- Химия
- Биология
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: география
- Мемлекеттік аудит
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Химия-Биология
- Математика-Физика
- Математика-Информатика
- Физика және информатика
- География - Тарих
- Тарих-Дінтану
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру; негізгі міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық базаны уақтылы әзірлеу мен қалыптастыруды қамтамасыз ету; «ЖОО үздік оқытушысы» атағын беру ережелері, білім грантын беру ережелері; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік ережелеріне сәйкес білім алушыларды ауыстыру және қалпына келтіру ережелері; базалық жоғары оқу орындарында PhD докторларын мақсатты дайындау механизмі; басқарма құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекетік қызмет көрсетуге талдау жасау («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және тіркеу» және осы мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне талдау жасау; «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру»; еңбек нарығының қажеттіліктеріне және жұмыс берушілердің күтілімдеріне сәйкес, мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын уақтылы қалыптастыру мен бөлуді қамтамасыз ету; жоғары оқу орындарыынң арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар дайындауға, ЖОО дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету; жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің ұлттық бірыңғай тестілеуін дайындау мен өткізуді ұйымдастыруға; жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің кешенді тестілеуін дайындау мен өткізуді ұйымдастыруға;; ҰБТ-ны жаңа форматын жетілдіру; стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу ережелерін әзірлеу, келісу және бекітуге ұсынуға; жоғары оқу орындарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг өткізуді қамтамасыз ету;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33