ҚР ҒЖБМ Персоналды дамыту және басқару департаментінің Уәждеме, тәртіптік іс жүргізу және ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс жөніндегі басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Ведомстволық марапаттар бланкісін және белгілердің есебін жүргізуге, жоспарлауға; мемлекеттік, ведомстволық және басқа да наградалармен марапаттауға қатысты жеке және заңды тұлғалардан түскен хаттар мен өтініштерді қарауға; құжаттарды қолданыстағы құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін тексеруге; награда жөніндегі комиссия отырысын ұйымдастыруға, отырыс хаттамасын рәсімдеуге; ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша бұйрықтарды рәсімдеуге, ведомстволық марапаттардың электрондық базасын жүргізуге; мемлекеттік наградаға үміткерлерге ұсыныстарды және марапат парақтарын рәсімдеуге, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жіберуге; мемлекеттік наградаға үміткерлерге ұсыныстарды және марапат парақтарын электронды база арқылы рәсімдеуге, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жіберуге; мемлекеттік және ведомстволық наградаларды марапатталушыға жеке ведомость арқылы немесе басқа азаматқа сенімхат арқылы беруге; жетекшілік ететін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметшілерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылауға және басшылыққа ақпарат беріп отыруға; Департаменттің басқа қызметшілерімен бірге статистикалық есептер дайындау; «Б» корпусы қызметшілеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге, тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастыруға, отырыс хаттамасын жүргізуге, Министрлік басшылығына тәртіптік жазаға тарту, алып тастау туралы бұйрық жобаларын енгізуге; әскерге шақырылғандар мен әскери міндетті қызметшілер мониторингін, есебін жүргізуге, азаматтық қорғану бойынша жұмысты жүргізуге; Министрлікке қарасты ұйымдар мен мекемелер басшыларының, басшы орынбасарларының жеке істерін, еңбек кітапшаларын есепке алу, мониторинг жүргізуге; Министрлікке қарасты ұйымдар мен мекемелер басшылары бос лауазымдарына конкурстар ұйымдастыруға; Министрлікке қарасты ұйымдар мен мекемелер басшылары, басшы орынбасарлары лауазымдарына үміткерлерді тиісті талаптарға сәйкестігін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы тексеруге; Министрлікке қарасты ұйымдар мен мекемелер басшылары, басшы орынбасарлары лауазымдарына үміткерлермен еңбек қатынасын рәсімдеуге, тағайындау, лауазымнан босату, демалыстар, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтар жобаларын қол қоюға енгізуге; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61