ҚР ҒЖБМ Персоналды дамыту және басқару департаментінің Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2023 жылғы 3 қыркүйек аралығында)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға біліктілік талаптары жобасын дайындауға, бекітуге енгізуге; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен лауазымдарына индекстер дайындауға, бекітуге енгізуге; «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына мониторинг жүргізуге және конкурс жариялауға; конкурстық құжаттарды қабылдауға, үміткерлердің талаптарға сәйкестігін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы тексеруге; конкурстық комиссия мүшелеріне үміткерлердің тізімін құжаттарымен енгізуге, конкурстық комиссия отырысын ұйымдастыруға, шешімдерді хаттамамен рәсімдеуге, нәтижесін жариялауға; конкурстық іріктеуден өткен үміткерлердің құжаттары мен істерін Департаменттің рәсімдеуге жауапты бас сарапшысына беруге; конкурстық құжаттардың есебін жүргізуге және сақтауға; Министрлік қызметшілерін даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберу және тағылымдамадан өткізу бойынша жұмыс жүргізуге; Министрліктің қызметшілерін ротациялауды жоспарлау мен іске асыру бойынша жұмысты жүргізуге; жетекшілік ететін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметшілері іссапарларын рәсімдеуге; Департаменттің басқа қызметшілерімен бірге статистикалық есептер дайындау; талдау анықтамаларын, жазбалар, жинақтық ақпараттарды дайындау, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне есеп жіберуге; жұмысты «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуге; құзыреті шегінде құқықтық актілер жобаларын Министрлік басшылығына қол қоюға енгізуге, есеп және мониторинг жүргізуге, соңғы нәтижеге дейін рәсімдеуге; қажет болған жағдайда Департамент басшылығы тапсырмасымен өзара алмасу бойынша бас сарапшымен және/ немесе Департаменттің басқа бас сарапшыларымен бірге жұмыс жүргізуге, құрылымдық бөлімшелер жұмыскерлері жөнінде мәлімет, кадрлық құжаттар, ақпараттар сұратуға және жинақтауға; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61