ҚР ҒЖБМ Әкімшілік департаментінің Ұйымдастыру жұмысы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
357266
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметіне жалпы бақылауды, үйлестіруді жүзеге асыруға; Министрліктің алқа отырыстарын, аппараттық кеңестерін, мерекелік және салтанатты іс-шараларын, конференцияларын, бұқаралық іс-шараларын, сенбіліктер мен өзге де қоғамдық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу; Министрлік басшылығының қатысуымен ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және іс-шаралар өткізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, өткізілетін іс-шаралардың бағдарламаларын, жүргізу тәртібін және басқа да қажетті материалдарын дайындау бойынша жұмысты жүргізу; Министрліктің орталық аппаратының запастарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге; Министрліктің мүлкін сақтау бойынша жұмысты үйлестіру; Орталық аппараттың негізгі құралдары мен қорларын түгендеуді, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды жүзеге асыру; негізгі құралдар және техникалық материалдық құралдардың (оргтехника: МФУ, моноблок, принтер, ноубтук, шығыс материалдар, қосалқы бөлшектер) сақаталу, есепке алынуына; жұмыс орындарын жүйелі-техникалық қызмет көрсету және ввидеоконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдау мәселелері бойынша жұмысқа жеке жауапты алуға; Министліктің үй-жайларында тұрақты түрде тәртіп сақталуына; Министрліктің жұмыс кабинеттерінің, қызметтік үй-жайларының санитариялық жай-күйін бақылау бойынша жұмысты жүргізу; Министрліктің жұмыс кабинеттері мен қызметтік үй-жайларының косметикалық жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға (қажеттілігіне қарай); Министрліктің үй-жайының жағдайын аптасайын тексеріп, олар бойынша директорға/директор орынбасарына есеп енгізуге; Министрліктің орталық аппаратының қызметін жарақтандыру жөніндегі іс-шаралардың техникалық ерекшеліктерінің контентін әзірлеуді жүзеге асыру (кеңсе тауарларымен, негізгі құралдармен және қорлармен, байланыс қызметтерімен, автокөлікпен және кезекші машиналармен, телевизиялық нүктелермен және т. б.), 001 «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; Министрліктің орталық аппаратының қорларын жеткізушілерден қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Министрліктің орталық аппаратының запастарын жеткізушілерден қабылдап алу жұмысын ұйымдастыруға; картриждерді сатып алу және толтыру жұмыстарын ұйымдастыруға; есептеу техникаларын (көп қызметті құрылғылар, компьютерлер, принтерлар, сканерлер және т.б.) жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға; белгіленген нормаларды ескере отырып, Министрлік қызметкерлерін қызметтік кабинеттерге орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; байланыс қызметтерінің (қалааралық және халықаралық телефон байланыстарын ұсыну) техникалық ерекшелігін әзірлеу жұмысын үйлестіруге және жеткізушілердің шарт міндеттемелерін орындауын бақылауға; автокөлік қызметтері (өкілдік класс автомобильдері) бойынша техникалық ерекшелікті әзірлеу жұмыстарын үйлестіруге және жеткізушілердің шарт міндеттемелерін орындауын бақылауға; Министрліктің негізгі құралдары мен қорларына материалдық рұқсаттамалар беру жөніндегі жұмысты үйлестіру; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде, Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61