ҚР ҒЖБМ Персоналды дамыту және басқару департаменті Уәждеме, тәртіптік іс жүргізу және ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
357266
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Награда жөніндегі комиссия отырысын ұйымдастыруға, отырыс хаттамасын рәсімдеуге; ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша бұйрықтарды рәсімдеуге; мемлекеттік наградаға үміткерлерге ұсыныстарды және марапат парақтарын рәсімдеуге, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жіберуге; мемлекеттік наградаға үміткерлерге ұсыныстарды және марапат парақтарын электронды база арқылы рәсімдеуге, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жіберуге; мемлекеттік және ведомстволық наградаларды марапатталушыға жеке ведомость арқылы немесе басқа азаматқа сенімхат арқылы беруге; «Б» корпусы қызметшілеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге, тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастыруға, отырыс хаттамасын жүргізуге, Министрлік басшылығына тәртіптік жазаға тарту, алып тастау туралы бұйрық жобаларын енгізуге; Министрлікке қарасты ұйымдар мен мекемелер басшыларының, басшы орынбасарларының жеке істерін, еңбек кітапшаларын есепке алу, мониторинг жүргізуге; Министрлікке қарасты ұйымдар мен мекемелер басшылары, басшы орынбасарлары лауазымдарына үміткерлерді тиісті талаптарға сәйкестігін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы тексеруге; Министрлікке қарасты ұйымдар мен мекемелер басшылары, басшы орынбасарлары лауазымдарына үміткерлермен еңбек қатынасын рәсімдеуге, тағайындау, лауазымнан босату, демалыстар, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтар жобаларын қол қоюға енгізуге; Министрлікке қарасты ұйымдар мен мекемелер басшылары мен орынбасарларына қатысты түскен шағымдар мен өтініштерді қарауға, жауапкершілігін қарауға; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61