ҚР ҒЖБМ Персоналды дамыту және басқару департаменті Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

357266

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Министрліктің құрылымы мен штаттық бірлігін дайындау, рәсімдеу; орталық саяси мемлекеттік қызметшілері, «А» және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің құжаттарын, жеке істерін және еңбек кітапшаларын рәсімдеу жұмысын жүргізуге, есепке алуға және сақтауға; үміткерлерді, соның ішінде бос лауазымдарға конкурссыз орналасу құқығы бар үміткерлерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы тексеруге; лауазымға тағайындау, лауазымнан босатуды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісуді рәсімдеуге; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы  № 776-дсп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету  бойынша нұсқаулық талаптарын есепке ала Министрлік басшылығының бұйрығымен лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуды рәсімдеуге; жұмысты «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуге, Министрліктің орталық аппараты  қызметшілерінің жеке істерінде және  «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде жеке мәліметтерді жаңартуға; жастар кадрлық резерв бойынша жұмысты жүргізуге;  Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ережелерін, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітуге, таныстыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.12.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.12.2022 – 08.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61