ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы, №01
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша шарттарға және орындалған жұмыстардың актілеріне бұрыштама қою; 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 102 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен ғылыми зерттеулерді грантпен қаржыландыру» кіші бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының игерілуін қамтамасыз ету үшін ҚР ҚМ аумақтық қазынашылық органдарында қол қойылған шарттарды тіркеуді және екі тарап қол қойған орындалған жұмыстардың актілері негізінде қаражат аударуды жүзеге асыру; Комитеттің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын қалыптастыруды және жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуді жүзеге асыру; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Басқарма, Комитет басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61