«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

Жобаны қабылдаудың мақсаты – Қағидаларды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 291-VIII ҚРЗ Заңына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес келтіру.

Жобаны қабылдау тиісті рәсімдерді цифрландыру арқылы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін жетілдіруге ықпал етеді.

Құру күні: 27/11/2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 14/12/2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15950248