«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

Жобаны қабылдаудың мақсаты – Қағидаларды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 291-VIII ҚРЗ, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (жоба Қазақстан Республикасының Құрылтайында қаралуда) сәйкес келтіру.

Жобаны қабылдау көзделген өзгерістерді ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану тәртібін жетілдіруге ықпал етеді.

Құру күні: 27/11/2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 14/12/2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15950267