«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бұйрық жобасымен келесі өзгеріс жоспарланып отыр:20-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылады:Педагогикалық даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламалары аутизм спектрі бұзылыстары бар және өзге де ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жөніндегі кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған пәндерді (модульдерді) қамтиды. Сонымен қатар, қабылданған ҚР Цифрлық кодексіне сәйкес келтіру («ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сөздері «цифрлық технологиялар» сөздерімен алмастырылады). |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Жобаның мақсаты – нормативтік құқықтық акті нормаларын жетілдіру. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Талап етілмейді |
Құру күні: 30.01.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 16.02.2026