«Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №570 «Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасында Берлин техникалық университетінің филиалын құру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 321 бұйрығының күшін жою туралы» бұйрығына сәйкес |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бұйрықтың жобасы ҚР ҒЖБМ 2023 жылғы 10 шілдедегі №311 бұйрығынан Германия Федеративтік Республикасының шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының филиалы шеңберінде іске асырылатын қос диплом бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мен жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінің есебі алып тасталу көзделеді. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №570 «Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасында Берлин техникалық университетінің филиалын құру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 321 бұйрығының күшін жою туралы» бұйрығының 4-тармағын орындау мақсатында. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) басқа да салдарларға әкелмейді |
Құру күні: 09.01.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 26.01.2026
Қызмет бағыты