«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 1-бабы 9-тармағының 17) тармақшасы |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру мақсатында Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттары жаңа редакцияда әзірленді |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарына өзгеріс енгізу |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді |
Құру күні: 25.12.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 09.01.2026
Қызмет бағыты