«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Бұйрық жобасын жасаудың негізі қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіру қажеттілігі болып табылады.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасымен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын беруді Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкестендіру қарастырылды.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Мақсаты – нормативтік құқықтық құжатты қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіру.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

 

Құру күні: 24.12.2025

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 08.01.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15723841