Астана халықаралық форумы. Білім: Әлеуметтік - экономикалық өсудін қоғаушы күші

Астана халықаралық форумы. Білім: Әлеуметтік - экономикалық өсудін қоғаушы күші

9 маусымда Конгресс орталығында Астана Халықаралық форумы аясында «Білім: әлеуметтік-экономикалық өсудің қозғаушы күші» тақырыбында панельдік сессия өтеді.

Әр түрлі саладағы сарапшылар білім берудің экономикалық өсуді ынталандырудағы рөлі туралы сөз қозғамақ.

Сессияның спикерлері - ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының Уақытша сенімді өкілі Джуди Куо, Coursera бас директоры Джефф Маджионкальда және т.б.

Астана Халықаралық форумы - негізгі жаһандық проблемаларды шешу үшін күш жұмылдыру мақсатындағы жаңа диалог алаңы. Форум климаттың өзгеруіне, азық-түлік тапшылығына және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды сарапшыларын біріктіреді.