Корея Республикасы Қоршаған орта Министрлігінің магистратурада оқу жөніндегі ұсынысы

Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі жасыл дамуды қолдау мақсатында шетелдік мамандар үшін «Экологиялық саясат саласындағы болашақ жаһандық көшбасшылар» мамандығы бойынша 2024-2025 жж. екі жылдық оқу бағдарламасын ұйымдастыратынын хабарлаймыз.
Аталған магистратура бағдарламасына 34 елден 216 студенттің қатысуы жоспарлануда және оған қатысты шығындарды (оқу ақысы, жатақхана, шәкіртақы, әуе көлік, корей тілі сабағы, медициналық сақтандыру және т.б.) ұйымдастырушы тарап толығымен өтейді.

Жарияланған күні

29 қыркүйек 2023 09:11

Жаңарту күні

29 қыркүйек 2023