Правила отбора претендентов и прохождения научных стажировок, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 октября 2022 года № 791
Ғылыми тағылымдамадан өтуді
іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулығы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлердің сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесуі үшін бағалау парағының үлгілік нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Нұрбек
1024
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидасы
05 желтоқсан 2022 10:39
09 мамыр 2025