Артқа

Сихымбай Алимжан Игілікұлы

Әкім орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

СИХЫМБАЙ ӘЛІМЖАН ИГІЛІКҰЛЫ

Туған жылы: 1979 жылғы 12 маусым
Туған жері: Шымкент қаласы.


Білімі:
1996–2000 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып, «Экономист» мамандығын игерген.
2013–2015 жылдары М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтында білім алып, «Заңгер-құқықтану» мамандығын меңгерген.

 

Мансап

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

2000 жылы – Шымкент қаласының қаржы бөлімінің жетекші маманы.

2001–2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаментінің электроншы-бағдарламашысы.

2002–2004 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті бюджеттік бөлімінің бас маманы.

2004–2006 жылдары – мемлекеттік органдарды, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қаржыландыру бөлімінің бас маманы.

2006–2011 жылдары – мемлекеттік органдарды мониторингтеу бөлімінің басшысы.

2011–2012 жылдары – қаржы басқармасының білім беру, мәдениет және спортқа арналған бюджеттік мониторинг бөлімінің басшысы.

2012–2014 жылдары – Тексеру комиссиясының талдау жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

2014–2018 жылдары – Тексеру комиссиясының мемлекеттік бақылау бөлімдерінің меңгерушісі, бас бақылаушысы.

2018–2023 жылдары – Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі.

2023 жылдан бастап – Түркістан облысы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы.

2026 жылдан бастап – Сауран ауданы әкімінің орынбасары.

 

Аудан әкімінің орынбасары төмендегі бөлімдерге жетекшілік етеді:

  1. Экономика және қаржы бөлімі;

  2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі;

  3. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;

  4. «Сауран-Су» МКК;

  5. «Сауран ауданының газ инспекциясы» КММ;

  6. «Жасыл Сауран» КММ;

  7. «Сауран Қызмет» КММ;

  8. «Жол қызмет» КММ.