Абубакиров Бекзат Сейдуллаұлы
Аппарат басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
АБУБАКИРОВ БЕКЗАТ СЕЙДУЛЛАҰЛЫ
Туған жылы: 1981 жылғы 1 қаңтар
Туған жері: Түркістан ауданы, Оранғай ауылы.
Білімі:
1997 жылы Түркістан қаласындағы №1 А.Байтұрсынов атындағы мектепті тәмамдаған.
2001 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
2007 жылы – Түркістан қалалық жер кадастры филиалының операторы.
2009 жылы – Түркістан қалалық жер кадастры филиалының бас маманы.
2010 жылы – Түркістан қалалық жер кадастры филиалының директоры.
2013 жылы – «ЖерҒӨО» РМК-ның Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.
2016 жылы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның «ЖерҒӨО» департаментінің Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.
2016 жылы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық бақылау» департаментінің Қостанай облысы, Рудный қалалық бөлімінің басшысы.
2016 жылы – аталған филиалдың Жер кадастры бөлімінің басшысы.
2018 жылы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық бақылау» департаментінің Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.
2018 жылы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесінің басшысы.
2018 жылы – аталған филиалдың Жер кадастры басқармасының басшысы.
2021 жылы – Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.
2023 жылы – Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
2026 жылдан бастап – Сауран ауданы әкімінің аппаратының басшысы.
Аппарат басшысы төмендегі бөлімдерге жетекшілік етеді:
-
Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі.
-
Персоналды басқару бөлімі.
-
Құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімі.
-
Заң және құқық қорғау органдары мен жұмыс жүргізу бөлімі.
-
Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі.
-
Әкімшілік шаруашылық бөлімі.
-
«Шаруашылық басқару бөлімі» КММ.