Артқа

Букебаев Бақытжан Кеңесбекұлы

Әкім орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

БӨКЕБАЕВ БАҚЫТЖАН КЕҢЕСБЕКҰЛЫ

Туған жылы: 1970 жылғы 4 қаңтар
Туған жері: Түркістан қаласы.

Білімі:
Қазақ химия-технологиялық институтын «Инженер-химик, технолог» мамандығы бойынша 1998 жылы тәмамдаған.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша 2003 жылы бітірген.

Мансап

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

1991 жылы – «Сауран» ғылыми-өндірістік бірлестігінде лаборант.

1991–1992 жылдары – «Топырақ» кіші кәсіпорнының лаборанты.

1993 жылы – «Сауран» акционерлік қоғамының лаборанты.

1993–1995 жылдары – Түркістан қаласының шығармашылық-өндірістік фирмасының инженері.

1995–1997 жылдары – Түркістан қалалық әкімшілігінің инженерлік орталығының инженері.

1997 жылы – Шиелі жол жөндеу мекемесінің теміржол шебері.

1997–1999 жылдары – Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы және Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарды.

2003–2005 жылдары – Түркістан қалалық жер кадастр бюросының инженері, жерге орналастырушысы.

2005–2006 жылдары – Түркістан қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы.

2006 жылы – Түркістан қаласының құрылыс бөлімінің бас маманы.

2006 жылы – Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы.

2006–2008 жылдары – Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің бас маманы.

2008–2009 жылдары – Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыру-бақылау секторының меңгерушісі.

2009 жылы – Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыру-бақылау секторының бас маманы.

2009–2011 жылдары – Шорнақ ауылдық округі әкімінің орынбасары.

2011–2023 жылдары – Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы.

2023 жылдан бастап – Сауран ауданы әкімінің орынбасары.

Аудан әкімінің орынбасары Бөкебаев Бақытжан Кеңесбекұлы
келесі бөлімдер мен мекемелердің жұмысына тікелей басшылық етеді:


Ішкі саясат бөлімі;
Жастар орталығы КММ;
Руханият және талдау орталығы КММ;
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі;
Тілдерді дамыту және оқыту орталығы КММ;
Мәдениет үйі КММ;
Сауран ауданы спорт клубы КММ;
«Бұқаралық және спорт түрлерін дамыту клубы» КММ;
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Отбасын қолдау орталығы КММ;
Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ.