Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Павлодар облысы бойынша соттар әкімшісі персоналды басқару бөлімінің бас маманы
ҚР Сот әкімшілігі
Павлодар облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
Қосымша талаптар
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: педагогика және психология, құқық, бизнес және басқару, гуманитарлық ғылымдар, жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік, атқарушылық тәртіп пен еңбек тәртiбiн сақтауға; өзіне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға; басшылардың бұйрықтарын мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған бұйрықтарын, шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды; қызметі бойынша, қызметке тағайындау және босату туралы, жергілікті соттар судьяларының демалыстары (кесте бойынша) туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды; Сот төрағасы өкімдерінің жобаларын дайындайды; жергілікті соттар судьяларының, мемлекеттік қызметкерлердің, штаттан тыс қызметкерлердің жеке істері мен еңбек кітапшаларын жүргізу, есепке алу, сақтау бойынша жұмысты жүргізеді, судьялардың деректерін «Қазақстан Республикасының соттары мен судьялары» кадрларды есепке алудың ақпараттық жүйесіне енгізеді. Базаны жүргізу және енгізілетін ақпарат үшін дербес жауапкершілік көтереді. Күн сайын репликация жүргізеді; судьялардың, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің және штаттан тыс қызметкерлердің әскери есепке алынуын жүргізеді, қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органмен салыстыруды жүргізеді; соттар судьяларының, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің және соттардың штаттан тыс қызметкерлерінің жеке карточкаларын жүргізеді, оларға өзгерістер мен толықтыруларды уақытылы енгізеді; жергілікті соттар судьяларын оқыту, қайта даярлау мен біліктілігін жоғарылату жөніндегі жұмысты жүргізеді; қызметтік куәліктерді есепке алу және беру, судьялардың көшуі бойынша және жерлеуге жәрдемақыларды төлеу журналдарын жүргізеді; жергілікті соттар судьяларына қызметтік куәліктерді әзірлеу және беруге өтінімдерді дайындайды және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігіне жібереді; жергілікті соттар судьяларына көтермелеу және т.б. мәселелер бойынша мінездемелер мен ұсынымдар дайындайды; жергілікті соттар төрағалары мен судьяларға түйіндеме жасайды; Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына қызметтік тексеріс жүргізу үшін судья лауазымына үміткер адамдарға материалдарды уақытында жіберу бойынша жұмысты ұйымдастырады; Жоғары Сот Кеңесінің отырысына төрағалар мен судьялардың құжаттарын дайындайды; жергілікті соттар судьяларының мемлекеттік қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссияның хатшысы болып табылады және жұмысын жүргізеді; судьялар мен сот кеңсесі қызметкерлерінің және штаттан тыс қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу табелін жасайды; Жоғарғы Сотпен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және бөлімнің өндірісіндегі құжаттар бойынша қатынасхаттар жүргізеді; сот кеңсе қызметкерлерінің еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы талаптарының және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы сәйкес сақталуын бақылауды жүзеге асырады; кадр мәселелері бойынша сот отырыстарына қатысады; заңда белгіленген мерзімдерде жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарайды; судьялардың табыс салығы бойынша жыл сайынғы декларациялардың тапсыруын бақылайды; жеке істерге анықтама көшірмелерінің тігілуін қамтамасыз етеді; қызметінен босатылған судьялардың жеке істерін мұрағатқа тапсырады; есептік кезеңнен кейінгі 10-шы күннен кешіктірмей жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігіне судья кадрларының өту талдауын ұсынады; есептік жылдан кейінгі 3-ші күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігіне облыстық соттардың төрағалары мен сот алқа төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының сандық және сапалық құрамын ұсынады; Базаны жүргізу және енгізілетін ақпарат үшін дербес жауапкершілікті көтереді; конкурстық комиссияның хатшысы болып табылады және жұмысын жүргізеді, жариялау үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға хабарландырудың жобасын дайындайды, конкурсқа қатысушылардан құжаттарды қабылдайды; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға өткізілген конкурстар туралы есептер жасайды, жаңадан қабылданған қызметкерлермен еңбек шартын жасайды; Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары арнайы тексеріс жүргізу үшін мемлекеттік қызметке үміткер адамдарға материалдарды уақытында жіберу бойынша жұмысты жүргізеді; міндетті арнайы тексерістің оң нәтижесін алған әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің ант беру тізімін жасайды және де жүргізілуін ұйымдастырады; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Департаментінің аумақтық органына және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігіне ұсыну үшін мемлекеттік қызметшілер санының мониторингі бойынша есептерді жасайды; Департамент қызметкерлерінің мінездемелері мен қызметтік тізімдерін дайындайды; қызметтік куәліктерді есепке алу және беру журналын жүргізеді. Жұмыстан шығарылған қызметкерлердің қызметтік куәліктерін жою жөнінде шаралар қолданады; қызметінен босатылған Департамент қызметкерлерінің жеке істерін мұрағатқа тапсырады; әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасын бақылау журналын жүргізеді; мемлекеттік қызметкерлерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастырады; кеңсе қызметкерлерінің табыс салығы жөнінде жыл сайынғы декларацияларды тапсыруын бақылайды, жеке істерге анықтама көшірмелерінің тігілуін қамтамасыз етеді; жаңадан қабылданған штаттан тыс қызметкерлермен келісімшарттар жасайды; тәртіптік теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ, сот кеңселерінің қызметкерлеріне өтініштер мен шағымдар бойынша қызметтік тексеріс жүргізу жөнінде жұмысты жүргізеді; тәртіптік комиссияның хатшысы болып табылады және жұмысын жүргізеді, тәртіптік комиссияның қарауына материалдарды дайындайды және қызметтік тексеріс жүргізу туралы, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтардың жобаларын әзірлейді; тәртіптік жауапкершілікке тартылған және тәртіптік жазалары мерзімінен бұрын алған адамдарды есепке алуды жүргізеді; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басқармасына және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігіне ай сайын бойынша мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін сот қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі және бойынша әдеп кодексі бойынша есептерді ұсынады; тоқсан сайын, кешіктірмей Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігіне сот жүйесінің қызметкерлеріне (әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге) тәртіптік жаза қолдану туралы ақпаратты ұсынады; кейіннен бекітуге ұсыну үшін штаттан тыс қызметкерлердің санын штаттық орналастыру жобасын әзірлеуді жүзеге асырады; заңда белгіленген мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; басшылық тапсырмалары мен бұрыштамаларының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Функционалдық блок "А".
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
718-0203@sud.kz
- 02.06.2026
- Павлодар қ., Жеңіс алаңы к-сі, 1
-
8 (7182) 70-45-20