Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Түркістан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
1) мемлекеттік қызмет саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға консультация береді;
3) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын сақталуына мониторингін жүзеге асырады;
4) мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы бұзу бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, хабарларын, сұрау салуларын, үн қосуларын, ұсыныстарын, оның ішінде шағымдарын қарайды;
5) азаматтардың өтініштерде, сұрау салуларда, үн қосуларда және хабарламаларда көтеретін жүйелі проблемаларды қарау, талдау, мониторингтеу және анықтау;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және істерді қарау;
7) мемлекеттік қызметке кір келтіретін мемлекеттік қызметшілерге және іс-әрекеттерге жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік іс қозғау туралы ұсыныстарды енгізеді;
8) жыл сайынғы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманың жобасы бойынша Агенттікке ұсыныстар енгізеді;
9) мемлекеттік қызмет саласында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша тексеру жүргізеді;
11) мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
13) персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) қызметін үйлестіру және әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
14) лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарға олардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұза отырып қабылданған шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу үшін тиісті материалдар дайындайды;
15) мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаралуға міндетті ұсынуларды енгізеді;
16) Департамент басшылығымен берілген басқа да міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
e.toktamurat@kyzmet.gov.kz
- Онлайн
-
75-34-53