Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің басшысы, санаты D-R-1, (№06-01), 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

D-R-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

D-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бюджет жүйесі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Білім туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Функционалды міндеттер

А БЛОК. Бөлім жұмысын ұйымдастыру, болжау, жоспарлау. Білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізу. Білім беру бағдарламасын іске асыру, азаматтарға міндетті орта білім беруді қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру, міндетті жалпы орта білім беретін мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету. Қорғаншылық және қамқоршылық кеңестің жұмысын жүргізу. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру. Білім беру саласын жетілдірудің басқа да мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу, әкім және әкімдік актілерінің жобаларын әзірлеу.

Білім саласындағы қажеттіліктерді анықтау, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын ескере отырып, білім саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру. Мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің тәрбие жұмыстарын дамытудың стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Орта білім беру ісіне, мектепке дейінгі тәрбие мазмұны және жалпы білім беру стандарттары негізінде оқу бағдарламалары мен оқытудың жаңа технологиясы бойынша білім беру ісінің талапқа сай ұйымдастыруын қамтамасыз ету. Білім мекемелерінің қызметтерін талдау, олардың алдағы дамуын болжау. Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық процестерді дамыту бағытындағы озық үлгілерді, іс-шараларды жетілдіру, іске асыру. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, тиісті округ әкімдерімен, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп іс-қимыл жасау. Меншік түріне қарамай білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, нормативті-құқықтық актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс пен қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және оның сақталуын қадағалау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.10.2025 – 06.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

10.10.2025

Сұхбаттасу орны

Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 үй №406 бөлме

Анықтама алу үшін байланыс

87262438881