«Шиелі кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік жұмыс және бақылау бөлімінің бас маманы санаты E-G-3 (1 бірлік), 03-03 (босануына байланысты демалыс кезеңіне 2025 жылдың 07 шілдесінен бастап 2026 жылдың 22 сәуір күндері)
Шиелі ауданының әкімдігі
Қызылорда облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, облыс, аудан, кент әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру. Облыс, аудан, кент әкімдері шешімдерінің, келісім-шарттарының орындалуын бақылау, қолданыстағы заңдылықтарды кодификациялау, кент әкімінің шешімі мен өкімдері жобасының заңдылығын қарау, уақытылы рәсімдеп, олардың мемлекеттік тіркеуден өтуін қадағалау. Заңға тәуелді актілерді әзірлеу және қабылдау сапасын арттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы нормаларды болдырмау бағытында шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес Е-өтініш ақпараттық базасына қолданыстағы заңнамалық актілерінің талаптарын сақтай отырып, мекемеге түскен өтініштердің тіркелуін, түскен мәліметтердің айқындығы мен толықтығын қамтамасыз ету, арыз шағымдардың уақтылы, мерзімінде орындалуын бақылау және статистикалық есепті көрсетілген мерзімге өткізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сүйене отырып, азаматтарға құқықтық кеңес беру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия, нашақорлыққа қарсы күрес, діни экстремизм, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі және басқа да бөлімге қатысты комиссиялардың жұмысын үйлестіру, комиссия мәжілістерін өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізу, хаттамаларын рәсімдеу. Кент әкімі аппаратының қызметкерлеріне құқықтық кеңес беру, олардың құқықтық біліктілігін арттыру, құқықтық оқулар өткізуді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сай кент әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі арқылы жарияланып, өткізілетін конкурстардың заңға сәйкес өтуін қадағалау, келісім шарттардың бюджет заңдылықтарына сәйкес және дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету. Нашақорлық, сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру, лаңкестік пен экстремистік көріністердің алдын-алу және кесу жұмыстарын үйлестіру. Сыртқы полигон жұмыстарын үйлестіру, құжаттарының заңдылығын қарау, қадағалау. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу. Азаматтардың ұсыныстары мен арыз шағымдарын қарап, олар бойынша тиісті жауаптар әзірлейді, арыз шағымдардың уақытылы, мерзімінде орындалуын бақылау орындау қызметін ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
nyespembetov@mail.kz
- Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі 6 үй ғимараттың 1 қабат
-
8(724)-32-79-102 (37-17)